Басты жаңалықтарЭкономика

Сауда және логистика саласындағы ынтымақтастық күшейеді

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Орынбор облысының губернаторы Денис Паслермен кездесті. Жұмыс сапарымен өңірге келген Денис Паслер Оңдасын Оразалинмен екі

облыс арасындағы экономикалық және әлеуметтік-мәдени ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Қазіргі таңда COVID-19 пандемиясы салдарынан Қазақстан-Ресей шекарасының жабылуына байланысты логистика және сауда саласындағы өзара ынтымақтастық маңызды болып отыр.

Атап өту керек, өткен жылдың қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының Орынбор облысымен тауар айналымы 106 миллион АҚШ долларынан асқан.

Өңірлерде ауылшаруашылық тауар өндірушілері арасында белсенді ынтымақтастық орнатылды. Атап айтқанда, былтыр ақтөбелік шаруақожалықтары 30 тонна сиыр етін, 15,3 тонна сүт өнімдерін, 25,6 тонна май, 165 тонна ұн, 36,2 тонна макарон өнімдерін және 736,6 тонна жылыжай өнімдерін экспорттады.

Кездесу барысында Орынбор облысының губернаторына ахуалдық орталықтың жұмысы таныстырылды.

Оңдасын Оразалин 24/7 режимінде жұмыс істейтін жаңа орталық коммуналдық сервисті, абаттандыру мен қауіпсіздікке жауап беретін қызметтерді біріктіретінін айтты. Жүйеге бірнеше модуль кіреді, оның ішінде тұрғындарға арналған портал, мобильді қосымша, сервистік оператор және т.б. бар.

Платформа — бұл сұраныстарды жылдам өңдеуге мүмкіндік беретін интеллектуалды интерфейсі бар толыққанды жүйе. Мәліметтер базасы барлық мемлекеттік органдармен, аудандық әкімдіктермен интеграцияланған, яғни нақты уақыт режимінде әртүрлі саладағы жобаларды, мемлекеттік бағдарламаларды және т.б. іске асыру барысын бақылауға болады.

Орынбор облысының губернаторы бұл жобаға қызығушылық танытты.

Сондай-ақ Денис Паслер облыстық тарихи-өлкетану мұражайын аралап, экспозицияларды көріп, Тасқопа I қорымының элиталық қорғанынан алынған материалдармен танысты.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button