Мәдениет

С.Кенжеахметов атындағы жүлдені жеңіп алды

Театр

Ақтөбелік «Екі езу» сатира театры Қостанайда өткен әзіл-сықақ театрларының «Мірдің оғы» атты республикалық фестивалінде С.Кенжеахметов атындағы жүлдені жеңіп алды.

Бұл — сатирик-жазушы, ғалым-этнограф Сейіт Кенжеахметовтің құрметіне ұйымдастырылған фестивалдің ең жоғары жүлдесі. Фестиваль 27-28 сәуір күндері жазушының туған өңірі — көршілес Қостанай облысының орталығында өтті.

Фестивальға «Екі езуден» бөлек, Қостанай, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарынан әзіл-сықақ театрлары қатысты. Қазылар алқасына белгілі сатирик-жазушы Көпен Әмірбек төрағалық еткен.

Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияға қарасты «Екі езу» сатира театры 2019 жылы да осы фестивалдің жеңімпазы атанған болатын.

А.САРЫБАЙ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button