Пікір

Елбасының бірлік пен ынтымақты нығайтудағы рөлі айрықша

Шахбаз ЖАМАЛОВ,

 «Әзірбайжандар қауымдастығы» республикалық қоғамдық

бірлестігінің Ақтөбе облыстық филиалы директоры.

Тұңғыш Президент күні — бұл еліміздің саяси беделі мен Елбасыны ұлықтауға арналған ерекше мереке. Сонау 1991 жылы Қазақстан тәуелсіздік алып, дербес ел болған кезден бастап осы мемлекеттің дамуы мен өркендеуіне ерен еңбек сіңірген Елбасы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті — Нұрсұлтан Назарбаев.

Кеңес үкіметі тарағаннан кейін Қазақстан тәуелсіздік алып, өз экономикасын дамытып, әлеуметтік, әскери, шекаралық мәселелерін шешті. Дүние жүзі бойынша барлық мемлекеттермен байланыс орнатып, жаңа белестерге көтерілді. Жаңа Конституциясын қабылдап, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан Халқы Ассамблеясы құрылды. Биыл, міне, осы Қазақстан Халқы Ассамблеясының құрылғанына 25 жыл толды. Осы ширек ғасырда қоғамдық келісім Қазақстан мемлекеттігінің мықты іргетасы ретінде бекітудің барлық идеясын бір арнаға тоғыстырып, аса сәтті жүзеге асырған теңдессіз құрылым табысты жұмыс істеп келеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бастамасымен және мұрындық болуымен құрылған Қазақстан Халқы Ассамблеясы осындай қоғамдық әрі мемлекеттік әмбебап институтқа айналды. Қазақстанның Еуропадағы Қауіпісіздік және Ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі бір жағынан осынау татулық тәжірибесін еуропалықтардың да үйреніп, үлгі алуына септігін тигізді. Ал Елбасының осы елді мекен еткен сан ұлт пен ұлыстың  өзара бірлік пен татулықта өмір сүруі үшін жасаған еңбегі мен тың бастамаларының біз үшін орны ерекше.

Тәуелсіздік жылдарында Елбасының ерен еңбегімен, орасан қажыр-қайратымен жиналған Қазақстанның саяси беделінің бір көрінісі, жемісі — осы атаулы күн. Сондықтан ел тарихында маңызы зор Президент күнін біз де жыл сайын атап өтеміз.

Ақтөбе қаласындағы «Әзірбайжандар қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі 1996 жылдан бастап жұмыс жасап келеді. Осы жылдар ішінде біз мемлекеттің қолдауымен мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді, тілімізді дамытып, сонымен қатар жексенбілік мектепте мемлекеттік тілді де қатар оқып келеміз. Біздің бірлестікте тіл үйренушілердің барлығы мемлекеттік тілде еркін сөйлейді, түсінеді. Атап келгенде, мұның бәрі Елбасының сарабдал саясаты мен бейбіт елдегі өзара ынтымақ пен ауызбіршіліктің арқасы деп білеміз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button