Сөз нәрі
Поэзия клубы
Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты «Геолог» мәдениет үйінде поэзияға қызығушы жастардың басын қосатын «Жыр-жауhар» поэзия клубы жұмыс жасайды. Қазір клубта 25 оқушы бар. Осыдан төрт жыл бұрын құрылған клубтың жетістіктері өте көп. Биыл Ақтөбе қаласында өткен «Мәңгілік ел алыптары» атты республикалық рухани-патриоттық байқауында клуб мүшесі Гүлназ Әбдірахметова «Көркемсөз» номинациясы бойынша бас жүлдеге ие болса, Жанерке Жоламан І орын алды. Екі оқушы да Алматы қаласында өтетін халықаралық байқауға жолдама алыпты. Сондай-ақ Мәдина Жұмашева, Аңсат Бергенов, Дильназ Едіге секілді оқушылар республикалық, облыстық байқауларда жүлделі орындарға ие болып жүр. Клуб жетекшісі Мұратбек Тәжіғұловтың айтуынша, мақсат — балалардың поэзияға, әдебиетке деген қызығушылығын ояту, облыстан шыққан ақын-жазушылардың шығармашылығымен таныстыру.
К. ҚОПАЕВА.