Әкімдер есебі

Көше жөнделіп, аялдамалар орнатылады

Өткен аптада Желтау ауылдық округінің әкімі Азамат Рзағұловтың Шәмші Қалдаяқов ауылында есептік кездесуі өтті.

Айта кету керек, бүгінгі таңда Желтау ауылдық округі — құрамына екі елді мекен қарайтын, 4114 тұрғыны бар, аудандағы ірі ауылдық округтің бірі.

Есеп беру кездесуінде ауылдық округ әкімі баяндағандай, өткен жылы бірқатар жұмыстар атқарылған. Атап айтсақ, Ш.Қалдаяқов ауылында пошта ғимараты мен Шәмші Қалдаяқовтың бюсті жаңартылып, Петропавл ауылдық амбулаториясы заман талабына сай жасақталған. Сондай-ақ, Петропавл ауылын түнгі шамдармен жарықтандыру, ауыл ішіндегі жолдарды жөндеу, саябақтарды абаттандыру, қоғамдық көліктерге арналған аялдамалар орнату, т.б. жұмыстар жасалған.

Округ әкімі есеп беру баяндамасында елді мекендерде ауыл шаруашылығы саласының дамуы, мал санының өсуі, білім сапасы, тазалық мәселелеріне де тоқталды. Сонымен қатар ол биылғы жылы атқарылатын жұмыстарды да баяндап өтті. Оның айтуынша, биыл Петропавл ауылындағы амбулатория кеңейтіліп, мекемеге жаңа жедел жәрдем көлігі беріледі. Сондай-ақ, Ш.Қалдаяқов ауылындағы Абылай хан көшесіне, Петропавл ауылындағы саябаққа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, екі ауылға автобус аялдамалары орнатылады.

Басқосуда ауыл әкімінің есебін тыңдаған ауыл тұрғындары жасалған жұмыстарға ризашылығын білдіріп, әкімнің жұмысына «қанағаттанарлық» деген баға берді.

 Бақыт Имашев,

Қарғалы ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button