Сабақ тақырыбы — Сәңкібай батыр
Ақтөбе облысының 80 жылдығы аясында облыстық С.Жиенбаев атындағы жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері №36 қазақ орта мектебінде «Тарихымыздың тау тұлғасы — Сәңкібай батыр» атты тарихи-танымдық сабақ өткізді.
Еліміз тәуелсіздік алғалы Тама Есет батыр, Әйтеке би, Есет Көтібарұлы, Асау-Барақ, Қайдауыл батырларға арналған игі шаралар халқымыздың рухани болмысы мен ұлттық санасына ерекше әсер етті. Алайда әлі де толық зерттеліп болмаған тұлғалар баршылық. Солардың бірі әрі бірегейі – Сәңкібай батыр.
Танымдық сабақта «Ел есінде — Сәңкібай ер» деген атпен кітап көрмесі ұйымдастырылып, оған «Қазақ батырлары», «Ел ырысы — ердің ісі» секілді т.б кітаптар, мәліметтер қойылды. Осындай деректерге сәйкестендіріліп түсіндірілген мағлұматтардың маңызы өте зор болды.
Бақтыгүл ХАМИДУЛЛИНА,
кітапханашы.