Референдум

Спортшылар да қолдайды

Облыс спортшылары маусым айында болатын референдумды талқылау мақсатында Қазақстан  халқы Ассамблеясы облыстық филиалы ғимаратында бас қосты.

Облыстық денешынықтыру және спорт басқармасына қарасты балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері,ведомстволық мекеме өкілдері референдумның маңызы туралы пікірлерін ортаға салды.

— Жаңа Қазақстанды қалыптастыруға әр адам үлес қосуы керек. Конституциямызға біраз өзгеріс енеді. Бұл — жаңа қоғамның бастауы болмақ. Егер халықтың 50 пайызы референдумға қатыспаса, ол өтпеген болып есептеледі. Референдум ертеңгі болашағымыздың жарқын болмағының кепілі.  Сондықтан бәріңізді бірдей атсалысуға шақырамын, — дейді қалалық мәслихат депутаты Азамат Усимбеков.

Ал «Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облысы бойынша филиалының төрағасы Назира Табылдинова  спортшылар өзгелерге үлгі болуы керектігін айтты:

— Бүгінде облыста спорт саласында 2 мыңнан астам қызметкер бар. Спорт секцияларына 20 мың бала қатысады. Ал 300 мыңнан аса тұрғын спортпен шұғылданады. Қала, аудан, ауылдарда спорт кешендері салынып, алаңдар көбейіп жатыр. Сондықтан спортшылардың мәртебесі еліміз үшін қашанда жоғары. Өңір спортшылары да ел болашағы үшін өткізілетін саяси науқанға белсенді қатысуы керек, — дейді Н.Табылдинова.

С.ЖҰБАНҒАЗИН.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button