Басты жаңалықтарСпорт

Облыс әкімі футбол алаңының дайындығын тексерді

Сейсенбі күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин Ақтөбе қаласындағы спорттық жобалардың жүзеге асырылуы барысымен танысты.

Облыс әкімі алдымен​ «Триатлон паркін» қарап​ шықты. Жалпы алаңы 4,3 гектар болатын жаңа демалыс орны биылғы жылы ашылады деп жоспарлануда. Қазіргі таңда мұнда абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Облыс әкімі жаяу жүргіншілер жолын салу жұмыстарын аяқтап, субұрқақтарды​ 1 маусымға дейін қосуды​ тапсырды.​

Бұдан кейін Оңдасын Оразалин Сазды өзенінің арнасын​ қарап, №8 облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің «Ақтөбе» футбол клубының резервтегі алаңының дайындығын​, сондай-ақ Орталық стадионды​ ​тексерді.

Стадион басшылығы облыс әкіміне алаң ҚР Чемпионатына толықтай дайын екенін жеткізді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button