Жаңалықтар

Мониторингтік топ ауданды аралады

Әйтеке би ауданында үш мониторингтік топ жұмыс жасап жатыр. Мемлекеттік орган және қоғам белсенділерінен құралған топ аудандағы кәсіпкерлік нысандарын аралап, түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізеді.

Топ құрылғаннан бастап 24 кәсіпкерге бір миллион төрт жүз мың теңгеден аса айыппұл салыныпты. Аудандық мониторингтік топтың жетекшісі, аудан әкімінің орынбасары Нұрбол Нажмадинов жұмыс соңғы қаулыға сәйкес жүріп  жатқанын айтты.

Облыстың Бас санитар дәрігерінің соңғы қаулысына сәйкес, кітапхана, музей секілді мекемелер мен әкімдік қызметкерлерінің басым бөлігі онлайн жұмысқа көшті. Мониторингтік топтар ауданды аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Орталықтағы бір мейрамхана жұмысын тоқтатса, екі тамақтану орталығы жұмыс кестесіне өзгеріс енгізді, яғни қаулыға сәйкес адам санын шектеді. Жалпы талапқа бағынбай, жасырын жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлер жоқ. Орталық шағын болғандықтан, кәсіпкерлердің қалай жұмыс жасап жатқаны көз алдымызда өтіп жатыр. Азық-түлік дүкендері мен жол бойындағы кемпингтер де санитарлық талапты сақтап отыр. Қазір бұрынғыдай көлік жоқ, адам аз, —дейді аудан әкімінің орынбасары.

Аудан орталығында үш дәріхана бар. Мониторингтік топ мүшелері бақылау жүргізіп отырады. Қажетті дәрі-дәрмек жеткілікті. Ауданда эпидемиологиялық ахуал тұрақты.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button