Жаңалықтар

Көктемгі аң аулау маусымы: ескере жүріңіз!

Облыс аумағында  52 аңшылық шаруашылығы бар, оның 42-сі 12 аңшылық пайдаланушыларға  бекітіліп берілген, қазіргі уақытта 10 аңшылық алқап резервтік қорда.

Аңшылық маусымының ашылуы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы №18-03/157 бұйрығымен бекітілген аң аулау қағидасына сәйкес жүргізіледі.

Облыс аумағында көктемгі аң аулау мерзімі 2021 жылдың сәуір айының 3-17 күндері аралығында үйрек, шалшықшы және құр аталықтарына жүргізіледі.

Аң аулау ақылы жолдамалар түрінде жүзеге асырылып, жолдамалар аңшылық шаруашылығы субъектілерінен беріледі, яғни аңшылық шаруашылығында алдамшы үйрек немесе тұлыптар болған жағдайда аң аулауға рұқсат етіледі.

Аңшылық жасау үшін азаматтардың мынадай құжаттары болу тиіс:

  1. Аңшылық куәлік;
  2. Аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамасы;
  3. Атыс қаруын сақтау мен пайдалану құқығын беретін ішкі істер органдарының рұқсаты.

Аңшылар аң аулау қағидаларының талаптарын бұзған жағдайда ҚР ӘҚБтК-нің 382 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз.

Вирусты инфекцияның (COVID-19) таралуының алдын алу және  жол бермеу мақсатында аңшылардың тарапынан санитарлық талаптардың сақталуына көңіл бөлуін сұраймыз.

                                                     Қуаныш ДЕМЕГЕНОВ,

«Ақтөбе облыстық орман шаруашылығы 

және жануарлар дүниесі аумақтық 

инспекциясы» РММ

жануарлар дүниесі және аңшылық 

шаруашылығы бөлімінің бас маманы. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button