Жаңалықтар

Ойыл ауданы тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ  БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

 АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРИЯЛЫҚ ДӘРІГЕРІ

ҚАУЛЫ

17.03.2021 ж.

Ақтөбе қаласы

Ойыл ауданы тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы

Ойыл ауданының тұрғындары арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының (бұдан әрі – COVID-19) таралуының алдын алу, сондай-ақ Ойыл ауданының аумағында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдай мақсатында (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Қазақстан Республикасының аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды аудандар тұрғысынан 2021 жылдың 17 наурызындағы бағалау матрицасына сәйкес Ойыл ауданы сары аймаққа кіруіне байланысты), «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 104-бабының 3 және 4 тармақтарын, «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №68 қаулысының 2 тармағы 16) тармақшасын басшылыққа алып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Ойыл ауданы әкіміне:

1.1. тыйым салу:

1) конференциялар, көрмелер, форумдар, ойын- сауық, спорттық, сондай-ақ адамдар көп жиналатын отбасылық, салтанатты, мерекелік корпоративтерді, естелік, ас беру және басқа да іс-шараларды, оның ішінде үйде;

2) ойын-сауық мекемелерінің (караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі және ойын клубтары, боулинг- орталықтары, кальян (оның ішінде қоғамдық тамақтандыру объектілері жанындағы), балалар ойын алаңдары және аттракциондар, жабық үй-жайлардағы, батуттар және басқалар), букмекерлік кеңселердің және лото-клубтардың қызметтеріне, оның ішінде лотерея ұтыстары;

3) кезекші топтарды қоспағанда, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметіне;

4) банкет залдарының қызметіне;

5) бастауыш, орта және негізгі орта деңгейдегі білім беру, орта оқу ұйымдарындағы асхана жұмысына.

1.2. келесі объектілерге қатысты шектеу шараларын күшейту:

1) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67 қаулысының 19 қосымшасындағы  талаптарды сақтай отырып топты 15 адамнан артық толтырмаған кезде, алдын ала жазылу бойынша балалардың түзету кабинеттері, балалар мен ересектердің білім беру орталықтарының;

2) медициналық орталықтардың, кабинеттердің, стоматологиялардың алдын ала жазылу бойынша;

3) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67 қаулысының 1 қосымшасындағы  талаптарды сақтай отырып, банктердің, халыққа қызмет көрсету орталықтарының, «Қазпочта» АҚ бөлімшесінің жұмыс уақытын сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін шектей отырып;

4) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67 қаулысының 14 қосымшасындағы  талаптарды сақтай отырып, мектепке дейінгі мекемелерінде кезекші топтар 20 адамнан аспайтын топтарды жинақтау;

5) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67 қаулысының 1 қосымшасына сәйкес, мемлекеттік органдардың (ұйымдардың, кәсіпорындардың, кеңселердің), квазимемлекеттік сектор органдары, ұлттық компаниялар, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің (бұл ретте қызметкерлердің кемінде 50%-ы қашықтықтан, 50%-ы күндізгі режимде жұмыс жасауда қалады);

6)  Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67 қаулысының 20 қосымшасындағы  талаптарды  сақтай отырып, діни объектілерде ұжымдық іс-шаралар өткізбей;

7) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67 қаулысының 21 қосымшасындағы  талаптарды сақтай отырып, қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда) толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан аспайтын сағат 07.00-ден 24.00-ге дейін жұмыс істеу;

8) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67 қаулысының 16 қосымшасындағы  талаптарды сақтай отырып, демалыс күнінен басқа жұмыс күндері ішкі тәртіпке сәйкес сауналардың;

9) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67 қаулысының 9 қосымшасындағы  талаптарды сақтай отырып, мәдениет объектілерінің (30 адамнан аспайтын дайындықтар);

10) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67 қаулысының 9 қосымшасындағы  талаптарын және толықтырылуы 20% аспайтын театрлардың, кинотеатрлардың, концерттік залдардың.

  1. Ойыл ауданының әкімі, Ойыл аудандық ауруханасының бас дәрігеріне медициналық-санитариялық алғашқы көмек объектілеріне кіретін адамдардың дене температурасын өлшеуді, ЖРВИ, тұмау және COVID-19 белгілеріне күдікті барлық тұлғаларды «фильтр» арқылы қабылдауды, стационардың қабылдау бөлмінде пациенттердің күнделікті ағынын хирургиялық және терапиялық бейіндер бойынша бөлек қабылдауды және күшейтілген дезинфекциялық режимді қатаң сақтауды қамтамасыз етсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 Ақтөбе облысының

Бас Мемлекеттік

санитариялық дәрігері                                                            Н.А. Беркімбаева

Басқа жаңалықтар

Back to top button