Жаңалықтар

Әбдіхат Мырзалин — еңбек инспекциясының басшысы

Ақтөбе облысы бойынша еңбек инспекциясының басшысы болып Әбдіхат Мырзалин тағайындалды.

Ол С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша​тәмамдаған.​

Еңбек жолын Ырғыз ауданының «Нұра»кеңшарында жұмысшы болып бастаған.

Әр жылдары Қарабұтақ (қазіргі Әйтеке би)​ауданы прокурорының көмекшісі, Темір ауданы прокурорының орынбасары, Исатай (қазіргі Қобда), Алға және Шалқар​аудандарының прокуроры болды, ҚР Бас прокуратурасының Құқықты қстатистика және арнайы есеп комитетінің​​ Қостанай, Ақтөбе облыстарындағы ​басқармаларын, Ақтөбе облысының әкімі​ аппаратында құқық қорғау органдарымен жұмыс және ​жұмылдыруға дайындалу бөлімін​ басқарды.

Аталмыш қызметке тағайындалғанға дейін Ақтөбе облысы бойынша жердің пайдаланылуы мен​қорғалуын ​бақылау​​ басқармасының басшысы болды.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button