Жаңалықтар

Медет Ысқақов — облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы

Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы басшысы болып Медет Ысқақов тағайындалды.

Медет Ысқақов Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, Алматы экономика және статистика академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын Мәртөк балалар мектебінде бастаған. Әр жылдары «Оқжетпес» республикалық балалар лагерінің мәдени ұйымдастырушысы, директордың тәрбие істері жөніндегі орынбасары, Мәртөк ауылдық өнер мектебінің директоры қызметтерін атқарған.

Сондай-ақ Мәртөк ауданы Қаратоғай ауылының әкімі, Мәртөк ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы лауазымдарын атқарды.

Осы қызметке тағайындалғанға дейін Мәртөк ауданы әкімінің орынбасары болды.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button