Жаңалықтар

Жасөспірімдер мәселесі басты назарда

Жасөспірімдер қылмысының алдын алу, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және тұрғынжайдан тыс жерде жүруіне, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға алкогольдік ішімдіктер мен темекі бұйымдарын сату фактілерінің жолын кесу мақсатында  облыс аумағында ювеналдық полиция инспекторлары күн сайын жергілікті рейдтік жұмыстар жүргізеді. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жоспарланған іс-қимылдарды іске асыру барысында ювеналды полиция инспекторлары аулаларды, саябақтарды және жастар көп жиналатын орындарды бақылауға алды.

Жергілікті рейдтік жұмыстардың нәтижесі бойынша жыл басынан бері ІІО-ға 896 кәмелетке толмаған жасөспірімдер жеткізілген. Оның  648-і кәмелетке толмаған заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде жүргендер. Сондай-ақ кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамағаны үшін 41 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ақпан айының қорытындысы бойынша облыс аумағында кәмелетке толмағандар арасында орын алған қылмыстардың саны 71,4% – ға төмендегені байқалды.

Шолпан НҰРЛАНҚЫЗЫ

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 4-курс стулденті

Басқа жаңалықтар

Back to top button