Мереке

Әннен алғыс жауған кеш

1 наурыз — Алғыс айту күніне орай Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Алғысым шексіз халқыма» атты ризашылық концерті өтті.  

«KeruenCity» ойын-сауық орталығында өткен шарада Ақтөбеде тұратын өзге ұлт өкілдерінің жастары әннен шашу шашып, келушілерге мерекелік көңіл күй сыйлады.

— Биылғы Алғыс айту мерекесі —  Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Көктемнің алғашқы күні аталып өтілетін атаулы күнді біз де ерекше етіп өткізуді жөн санадық. Өздеріңіз білетіндей, бұл күні — елімізде тұратын өзге ұлт өкілдері қиын-қыстау кезеңде ата-бабаларын құшақ жая қарсы алған кеңпейіл, қонақжай қазақ халқына алғыс айтады. Бүгінгі концертіміз де сол тағдыр тәлкегімен елімізге қоныс аударған ұлт ұрпақтарының бауырмал қазақ халқына деген құрметі мен ризашылығын жеткізу мақсатында ұйымдастырылып отыр, — деді қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы Нұрсұлтан Қалдыбай.

Ақ тілек пен әдемі әуен әуелеген кешке Ақтөбе қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Мадияр Қабыл қатысып, Алғыс айту күнінің біздің көпұлтты еліміз үшін маңызы зор екенін айтып, жастарды көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтады.    

 Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button