Мереке

Ұмытылмас қамқорлық

Соңғы жылдары Елбасының көреген көшбасшылығы мен сарабдал саясатының арқасында мемлекетімізде тағы бір тағылымды мереке атап өтіледі. Ол — Алғыс айту күні.

Мен 1955 жылы Алға ауданының Болгарка ауылында дүниеге келдім. Ата-аналарымыз Ақтөбе өңіріне 1907 жылы қоныс аударған. Қиын-қыстау кезеңде жер ауып келген болгарларға жергілікті халық қана көмек қолын созып, бауырына тартты. Қазақ елінің сол сәттегі қолдауын, қамқорлығын ешқандай ұлт өкілі естен шығармай, алғыс айтады.

Бүгінде елімізде 130-дан астам ұлттың өкілдері тату-тәтті, бірлікте, ынтымақта тіршілік етіп жатыр. Бұл күні cонау аумалы-төкпелі заманда пейілі кең, дархан қазақ даласына табан тіреген өзге ұлт өкілдері қазақ халқына, қазақстандықтарға өздерінің ыстық ықыласы мен алғысын білдіреді. Сондықтан бұл мерекенің біз үшін маңызы өте зор.

Сондай-ақ 1 наурыз — көктемнің басы ғана емес, Ассамблеяның құрылған күні. Бүгінде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан құрылған «Вяра» зтномәдени бірлестігінде түрлі жастағы болгар ұлтының өкілдері бар.

Бүгінгі бейбітшілік заманда өз халқымыздың тілін, салт-дәстүрін, мәдениетін ұмытпау, мемлекеттік тілді білу өте маңызды, алайда ең басты байлық — еліміздегі ұлттар арасындағы достық пен ынтымақ. Сондықтан мен елімізде ешқандай алауыздық болмай, барлық ұлт өкілдері тату-тәтті, береке мен бірлікте өмір сүрсе деп тілеймін.

Валентина КУЦЕНКО,

болгар ұлтының өкілі. 

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button