Мереке

Мейірім мерекесі

Соңғы жылдары елімізде 1 наурыз  Алғыс айту күні  ретінде аталып өтіп жүр. Бұл күні адамдардың бір-біріне құрмет көрсетіп, ризашылығын білдіріп, алғыс айтып жатқаны көңілді қуантады.

Мереке қарсаңында мен де ақ халатты абзал жандарға алғыс айтқым келеді. Жасым алпыстан асты. Қарғалы ауданының Бадамша ауылында тұрамын. Жас үлкейген сайын аяқ-қолым жиі сырқырайды. Асқазаным да кейде сыр береді. Аудандық аурухананың жанындағы емханада Жадыра Жұбанышева есімді терапевке қараламын. Қай уақытта барсам да, күліп қарсы алады. Жүзінен мейірім төгіліп тұр. Білімі мен біліктігі өз алдына, келушілерге жылы сөзінің өзі қуат береді. Аяғым сырқырап жүре алмасам, үйге келіп қарайды. Қайта-қайта хабарласып, жағдайымды біліп отырады. Дәрі-дәрмегін жазып береді.

Жазды күні елімізде індет жайлаған кезде Жадыра алғы шепте жүрді. Күні-түні еңбек етті. Ол уақытта емханаға барудың өзі мұң болды. Себебі сырттан ешкімді кіргізбейді. Осындай кезде Жадыра Гиппократтың антына адал екенін көрсетті. Індетке шалдыққан қанша адамды емдеді.  Науқасқа жаны ашитын, жүрегі мейірімге толы, антына адал осындай дәрігерлер көп болса деймін.

 Сәбила СӘРСЕНБАЕВА,

Қарғалы ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button