Жаңалықтар

Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы

Ақтөбе облысы аумағы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

24.02.2021 жылы бір тәулікте КВИ-мен ауырған 23жағдай тіркелді, оның  ішінде  ауру симптомдары бар – 13(Ақтөбе қаласы – 11, Хромтау ауданы – 1, Ойыл ауданы – 1),  симптомсыз – 10 (Ақтөбе қаласы – 6, Темір  ауданы – 4). Аурушаңдықтың   өсу  деңгейі – 0,5% құрайды.

Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 4223 жағдай тіркелді, оның ішінде50,9%-ы ауру белгілерімен (2151) және 49%-ы симптомсыз (2072) жағдай. 4007 (94,8%) науқас жазылып шықты.

Ақтөбе қаласында – 3011 жағдай, оның ішінде (1298 симптомсыз), Әйтеке би – 21 (8), Алға – 112 (83), Байғанин – 59(35), Ырғыз – 54 (38),  Қобда 18 (13), Қарғалы – 62 (40), Мәртөк – 164(72), Мұғалжар – 209 (152), Темір – 203 (166), Ойыл – 29 (11), Хромтау – 150(72), Шалқар ауданы – 131 (74).

Жалпы тіркелген 4223 науқастың 3,5% (148) сырттан әкелінген, 16,2% (688) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 80,2% (3387) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 32,6% (1107) профилактикалық мақсатта тексерілгендер.

Қазіргі таңда үй карантиніне 786 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.

Ақтөбе облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің  баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button