Жаңалықтар

Жауынгерлерге құрмет көрсетілді

Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күніне орай аудандық тарихи-өлкетану музейінде  «Ауғанстанел есінде» тақырыбында шара өтті.

Шарада Хромтау жоғары колледжінің оқушылары Ауған соғысына қатысқан жауынгерлермен кездесті. Кездесу барысында ардагерлер жастарды туған елді, жерді қадірлеу, Отанды сүю, өз елінің патриоты болуға үндеді. Олар соғыс жылдарындағы оқиғалар жайында айтып, ерлікпен қаза тапқан жолдастарын еске түсірді.

Жастар тақырыпқа байланысты жауынгерлерге сауалдар қойып, жауап алды.

Кездесуде аудан әкімі Нағымжан Алдияров ардагерлерге Алғыс хаттар табыстап, құрмет көрсетті.

Ләззат ӘБДІРОВА,

Хромтау ауданы.  

Басқа жаңалықтар

Back to top button