Жаңалықтар

Ұрлық қайтсе азаяды?

Биылғы жылдың қаңтар айында Ақтөбе қаласы аумағында 28 пәтер ұрлығы жасалды.

Жақында осындай әркеттердің алдын алу мақсатында Ақтөбе қаласындағы учаскелік полиция инспекторлары күзет қызметін бақылау бөлімшесінің қызметкерлерімен бірлесіп, қала аумағында үйлер мен пәтерлердің тұрғындарымен пәтерлерді күзетке алу немесе күзет-дабыл сигнализациясының бейнекамераларын орнату қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Полиция департаменті өкілдерінің айтуынша, негізінен, қылмыс пластикалық терезені ашу, кілтпен ашу жолдары арқылы жасалады.

Түсіндіру жұмыстарын жүргізу кезінде тұрғындарға арнайы буклеттер таратылды. Онда күзет сигнализациясын орнатумен айналысатын барлық күзет ұйымдары, орталық бақылау пультіне қосылған бейнебақылау камералары туралы ақпараттар берілген.

А.ҚАЛДЫБЕК.

Басқа жаңалықтар

Back to top button