Мәселе

Жасөспірімдер қылмыс жасауға неге үйір?

Былтыр Мұғалжар ауданында жасөспірімдердің қатысуымен 5 қылмыстық іс тіркелген. 12 оқушы қылмыс жасағаны үшін аудандық ішкі істер бөлімінің есебіне алынған.
Бүгінгі таңда аудандық білім бөліміне қарасты 24 орта, 11 негізгі, 3 бастауыш мектепте 12402 оқушы білім алып жүр. Осы мектептерде балалар құқығымен шұғылданатын 45 психолог, 31 əлеуметтік педагог, 34 мектеп директорының тəрбие ісі жөніндегі орынбасарлары жұмыс істейді. Бұл деректі келтірген аудандық білім бөлімінің əдістемелік орталығының меңгерушісі Альфия Төлемісова ауданда облыстық білім басқармасының кешенді жоспарына сəйкес құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыстар үздіксіз жүргізілетінін де айтты.
Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның отырысында соңғы кезде жиі айтылатын өгей əке мен өгей шешенің зорлық-зомбылықтары туралы мәселе де көтерілді.

Бүгінгі таңда ауданда барлығы 231 бала, оның 182-сі өгей əкесімен, 49-ы өгей шешесімен бірге тұрып жатыр. Сондай-ақ қолайсыз 17 отбасында 34 бала тəрбиеленуде.

Жандос АЙТЖАН,

Мұғалжар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button