Әкімдер есебі

Үшқаттыға газ тартылады

Аудан әкімі Дархан Ермағанбетовтің есеп беру жиыны Үшқатты ауылынан басталды.

Үшқатты ауылы Ресеймен шектеседі. Халық саны — 342 адам. 102 отбасы бар. Ауылда  орта мектеп, Мәдениет үйі, балабақша, басқа да әлеуметтік нысандар жұмыс жасайды. Бес шаруақожалық бар. Үш кәсіпкер ауылды азық-түлікпен қамтамасыз етіп отыр. Шекарада орналасқан ауылдың проблемасы көп болатын. Әсіресе, сапасыз жол және көгілдір отын мен ұялы байланыстың жоқтығы да тұрғындардың тұрмысын қиындатты. Алайда проблемалар біртіндеп шешіліп келеді. Былтыр «KCELL»  байланыс операторының «АКТИВ» жүйесі іске қосылды.  Қазір тұрғындар жан-жақпен еркін хабарласады. Жол салынды. Қыс бойы аудан орталығымен арадағы қатынас бір рет те тоқтаған жоқ.

Былтыр Жамбыл ауылына көгілдір отын келді. Биыл Үшқаттыға да газ тарту жоспарда бар.  Ауызсудың сапасын жақсарту, құбырларды жөндеу секілді жұмыстарға аудандық бюджеттен қаржы бөлінеді. Интернет жылдамдығын одан  әрі арттыру үшін іргелес Жамбыл ауылына мұнара қондырылады.  Бұл интернеттің 3G қалпында  жылдам жұмыс жасауына ықпал етпек, — деді аудан басшысы. Сондай-ақ алда атқарылатын өзге де жұмыстарды баяндады.

Үшқатты ауылдық округінің әкімі Г. Алдабергенова өткен жылы қолға алынған  жұмыстарды айтты.

Жиында сөз алған ауыл тұрғыны Т.Бекмағанбетов аудан басшысына  жылы лебізін білдірді.

 

Е.ЫРҒЫЗҰЛЫ,

Әйтеке би ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button