Пікір

Патриоттық сезім — басты тәрбие

Айнаш РЫСПАЕВА,

№6 Хромтау гимназиясы директорының

оқу ісі жөніндегі орынбасары.

Биыл еліміз Тәуелсіздіктің отыз жылдығына қадам басты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа жылдың алғашқы күндерінде жариялаған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында еліміз, мемлекетіміз үшін айтулы датаға орай биылғы он екі ай толымды істерге  толы болуға тиіс екенін айтты. Мақала бірнеше бөлікке бөлінген. «Ұлағат пен ұстаным» аталатын бөлімінде Президентіміз жастардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, отансүйгіштік қабілеттерін арттыру қажеттігін айтады. Ол: «Адам баласы дүниеге патриот болып келмейді. Ол білім мен тәрбие алып, әлеуметтік ортамен араласып, азаматтық болмысын қалыптастыру кезінде патриотқа айналады», — деді.

Бұл орайда мен өзім қызмет ететін мектепте оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатында атқарылып жатқан бірқатар іс-шараларға тоқталғым келеді. Соның бірі — «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» тақырыбында өткен апталық. Бұл шараға оқушыларымыз өте белсенді қатысты. Әрбір сыныпта оқушыларға тәуелсіздігіміздің мәні мен мазмұны жан-жақты түсіндіріліп, мол мағлұматтар берілді. Сол сияқты, жылдағы дәстүр бойынша талантты әрі озат оқушылар балалар мен жасөспірімдердің «Жас ұлан» ұйымына қабылданады. Бұл оқушыларымыздың бойында отансүйгіштік, патриоттық сезімді арттырып, жауапкершілік жүгін сезіндіре түседі.

Сондықтан Президент мақаласы біздің бұл бағыттағы жұмыстарымызға нақты бағыт-бағдар бергендей болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button