Пікір

Заманның бізге қойған талабы бар

Мейрамбек МУЗАМЕЛҰЛЫ,

Ойыл аудандық жастар ресурстық орталығының директоры.

Биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл толады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі айтып өткендей, тарих тұрғысынан қарағанда, отыз жыл — көзді ашып жұмғандай қас қағым сәт. Дегенмен бұл көптеген халықтар үшін қиындығы мен қуанышы, дағдарысы мен дамуы алмасқан тұтас дәуір деуге болады.

Біз, тәуелсіз елдің ұрпақтары, бостандықтың  бізге оңайлықпен келмегенін жақсы білеміз. Ата-бабаларымыз азаттық жолында арпалысып,  талай зұлмат замандар мен нәубеттерді бастан өткерді. Осының бәрі халықтың есінде сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа берілуге тиіс.
Биыл Тәуелсіздік құрдастары ойы толысқан отыз жасқа толды. Егемен елде дүниеге келіп, өсіп-жетілген замандастарымыздың санасы сергек, көзқарастары да, өмір салттары да өзгеше. Бірақ Тәуелсіздік құндылығы жадына біржола шегеленіп, мәңгі сақталуы үшін өскелең ұрпақ оның қадірін білуі керектігін Мемлекет басшысы өз мақаласында баса айтқан. Расында да, еліміздің кемел келешегі біздің қолымызда. Заманға сай даму үшін жаңа технологияларды игерген, жаңаша ойлайтын білімді жастар қажет. Бұл — заманның бізге қойып отырған басты талабы.

Ал Мемлекет тарапынан  ел жастарына күні бүгінге дейін қолдау көрсетіліп келді, ол әлі де жалғаса беретініне сенімім мол. Білім мен ғылымды игерген жастар — еліміздің ертеңгі тірегі.
 

Басқа жаңалықтар

Back to top button