Жаңалықтар

Партия ауылдарды ауызсу, газ және жолмен қамтитын болады

Nur Otan партиясы облыстық сайлауалды штабының басшысы Ербол Данағұлов, ҚР Парламенті Мәжілісі мен облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Хромтау және Әйтеке би ауданының тұрғындарымен кездесті.

Алдымен ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткерлер — Рахат Сыдықов, Ғалымжан Елеуов, облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер — Амангелді Есіркепов, Қайрат Қойлыбаев, Қайрат Сабыр Хромтау ауданының Ақжар ауылында тұрғындармен кездесті.

Кездесуде сайлаушылар ауылды көркейту, көпбалалы аналарды қолдау және аз қамтылған отбасыларды тұрғын үймен қамту жайын сұрады. Бұл бағыттағы жұмыстар партияның сайлауалды бағдарламасында қамтылған. Мәселен, 2022 жылы ауданда халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 120 пәтерлік тұрғын үй салынады. Нәтижесінде 480 адам баспаналы болады. Хромтау қаласында жыл сайын 6 көп қабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізіледі.

Бұдан кейін үміткерлер Ақжар май экстракциялау зауыты, «Тау» ауыл шаруашылығы кешені және Хромтау аудандық ауруханасының ұжымымен кездесті.

Алдағы бес жылда облыста 16 мектеп салынып, 125 мектепке дейінгі ұйым күрделі жөндеуден өтеді. Барлық елді мекендер ауызсумен қамтылады. Біз сенімді ақтаймыз, кез келген мақсатқа бірге жетеміз, — деген Ербол Данағұлов кәсіпорын және аурухана ұжымын Nur Otan партиясына дауыс беруге шақырды.

Үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу аясында штаб мүшелері Әйтеке би ауданындағы Қарабұтақ ауылдық округіне барды. Онда дәрігерлік амбулатория ұжымымен, сондай-ақ ауыл тұрғындарымен жүздесті.

Алдағы жылдары өңірге инвестиция тарту, жаңа технологияларды енгізу, өндірісті жабдықтармен және жоғары өнімді техникамен қамту арқылы агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасады. Әйтеке би ауданында бұл бағытта үш инвестициялық жоба іске асырылады. Атап айтсақ, келер жылы Ақтасты ауылында сүт өңдейтін ферма ашылып, 2022 жылы Қарабұтақ ауылында бордақылау алаңы, 2023 жылы сүт өңдейтін цех салынады. Сондай-ақ жыл сайын жергілікті бюджет есебінен облыстың 120 кәсіпорны мен шаруа қожалығына қосымша субсидия беріледі, — деді штаб басшысы Ербол Данағұлов.

Кездесулерде үміткерлер Қарабұтақ ауылының тұрғындарына партияның сайлауалды бағдарламасындағы басымдықтарды түсіндіріп, сайлауға белсенді түрде қатысуға шақырды.

Іссапар аясында үміткерлер Әйтеке би ауданының орталығы Т.Жүргенов ауылында теміржолшылармен, жастармен және кәсіпкерлермен кездесіп, олардың сауалдарына жауап берді. Мәселен, басқосуда тұрғындар үміткерлерден баспана және жұмыспен қамту, ауылдарға ауызсу, газ тарту, жол салу, т.б. мәселелер туралы сұрады.

Кездесу соңында үміткерлер тұрғындарға партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, әр азаматтың өтініш-тілегі ескерілетінін, шалғай елді мекендегі бірқатар мәселелердің таяу жылдары шешілетіндігін жеткізді.

Бүгінгі күні Nur Otan партиясы халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту үшін жан-жақты жұмыс істеуде. Егер сіздер де ел дамуына өз үлестеріңізді қосқыларыңыз келсе, Nur Otan партиясына дауыс беріңіздер, — деді облыстық сайлауалды штабтың басшысы Ербол Данағұлов.

(Қаржы Nur Otan партиясы Ақтөбе облыстық

сайлау қорынан төленді).

Басқа жаңалықтар

Back to top button