Жаңалықтар

Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ САНИТАРИЯЛЫҚ

ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

 АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ  БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРИЯЛЫҚ ДӘРІГЕРІ

ҚАУЛЫ

22.12.2020 ж.

Ақтөбе қаласы

Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылдың 14 қарашасындағы №55 «Ақтөбе облысының аумағындағы шектеу карантиндік шаралары туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Ақтөбе облысының тұрғындары арасында COVID-19 (бұдан әрі – COVID-19) коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында2020 жылдың 07 шілдесіндегі «Халықденсаулығыжәнеденсаулықсақтаужүйесітуралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 104 бабының 1 тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы №130«Пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулар тізбесін бекіту туралы» бұйрығына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №239 «Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы»бұйрығына, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23қазанындағы№57, 2020 жылғы 23 қазанындағы №58 және 2020 жылғы 02 қарашасындағы №62  қаулыларына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 14 қарашасындағы №ПГСВ-55 «Ақтөбе облысының аумағында шектеу карантиндік шаралары туралы» қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
  • 1-тармақ 1.3 тармақшасының 21 абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

– «Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің   2020 жылғы  23 қазанындағы №57 қаулысының  5 қосымшасына сәйкес, азық-түлік дүкендерінің, шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер қызметі  ішкі тәртібіне сәйкес рұқсат етілсін. Сонымен қатар, жеткізу бойынша қызметтер көрсетуге рұқсат етіледі»;

  • 1-тармақ 1.3 тармақшасының 23 абзацы мынадай редакцияда жазылсын және толықтырылсын:
  • «Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазанындағы №57 қаулысының 13, 25, 28 қосымшаларына сәйкес, өнеркәсіптік және барлық қызмет түрлеріндегі өндірістік кәсіпорындардың жұмысын, оның ішінде вахталық әдіспен жұмыс істейтіндер, ашық ауадағы құрылыс жұмыстарының, ауыл және балық шаруашылығының, мал шаруашылығының қызметі ішкі тәртібіне сәйкес рұқсат етілсін.

Вахталық әдіспен жұмыс істейтін кәсіпорын басшылары қызметкерлерін CОVID-19 анықтау үшін ПТР әдісімен зертханалық тексерілуге бақылауды қамтамасыз етсін және теріс нәтижесімен шығуға/кіруге рұқсат  берілсін.

Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметкерлері (табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде жұмылдырылған шұғыл қызметтердің қызметкерлерін қоспағанда) ПТР әдісімен CОVID-19 анықтауға зертханалық тексерудің теріс нәтижесі болған кезде вахталық кенттерге кіруді жүзеге асырсын»;

  • 1-тармақ 1.3 тармақшасының 44 абзацы мынадай редакцияда толықтырылсын:
  • әлеуметтік қашықтықты, бетперде режимін міндетті түрде сақтай отырып, ашық ауадағы  мұз айдындарының, төбешіктердің қызметіне рұқсат берілсін».
  1. Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасына:

2.1. БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы Ақтөбе облысының аумағындағы қатаң шектеу және карантиндік шараларды кезең-кезеңімен жұмсарту туралы халықты жаппай хабардар етуді;

2.2. Өзгеріп отырған жағдайды және сырқаттанғандар санының өсуін ескере отырып, БАҚ жұмысын бірыңғай үйлестіру мен орталықтандыруды.

  1. Ақтөбе қаласының және Ақтөбе облысы аудандарының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерлері тиісті аумақта қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантиндік шараларды күшейту туралы шешім қабылдауға құқылы.
  2. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  4. Осы қаулы 2020 жылдың 24 желтоқсанынан бастап күшіне енеді.

Ақтөбе облысының

Бас Мемлекеттік

санитариялық дәрігері                                              Н.А. Беркімбаева

Басқа жаңалықтар

Back to top button