Ресми

 Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

 

Үзінді

 Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы

 ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Әскери және қызметтік борышын орындау кезінде көрсеткен ерлігі мен қайсарлығы үшін

ІІІ дәрежелі «Айбын» ордені тапсырылсын марқұм

НҰРҒАЛИЕВ Талғат Бырақпайұлы — Әуе қорғанысы күштері Әскери институты материалдық-техникалық қамтамасыз ету  батальонының  аға маманы, кіші сержант.

 

  1. Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін мыналар наградталсын:

 

«Парасат» орденімен

 

ЖЕКЕЕВ Мәлік Наурызғалиұлы — «Геобазис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының кеңесшісі, Ақтөбе қаласы.

 

«Құрмет» орденімен

 

АХМЕТОВ Сақтапберген Айтбайұлы — Еңбек ардагері, Ақтөбе қаласы.

ӘБІЛЖАНОВ Серік Аманжолұлы — «Ақтөбе қаласының жолаушылар автокөлік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы, Ақтөбе қаласы.

ӘЛІМОВ Қуантқан Мырзабекұлы — еңбек ардагері, Ақтөбе қаласы.

БЕРКІМБАЕВА Нұрсұлу Алтынбекқызы — Ақтөбе облысы  санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, Ақтөбе қаласы.

ГАЛЕЕВ Гумер Абдулвалиевич — Жергілікті соғысқа қатысушылардың жауынгерлік бауырластығы қоғамдық қорының төрағасы, Ақтөбе қаласы.

ЕЛЕУСІЗОВ Қайырқожа Жұмағалиұлы — еңбек ардагері, «Теміржолсу-Ақтөбе»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кеңесшісі, Ақтөбе қаласы.

КОГАЙ Александр Петрович — еңбек ардагері, Ақтөбе қаласы.

ҚҰСАИНОВ Сағынай Бақытжанұлы — «Алтай»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтайшысы, Ақтөбе қаласы.

МЫҢБАЕВ Рахым Төлегенұлы — Ақтөбе облысы бойынша қазынашылық департаментінің басшысы,  Ақтөбе қаласы.

САҒЫМБАЕВ Серік Саматұлы — Хромтау аудандық сайлау комиссиясының төрағасы, Хромтау ауданы.

САТОВ Бақытжан Сейітқалиұлы — «Ақтөбе облысы Чернобыль мүгедектері» қоғамдық бірлестігінің  төрағасы, Ақтөбе қаласы.

 

III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен

 

ӘБІШЕВ Нұрлыбек Кеңесұлы — «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» басқармасы электрмен жабдықтау цехының VI разрядты электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электр монтері, Ақтөбе қаласы.

КАЛИНЧЕВ Юрий Васильевич — «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы Дөң тау-кен байыту комбинаты «Дөң» кеніші «Горный» учаскесінің экскаватор машинисі, Ақтөбе облысының Хромтау ауданы.

КОБЫЛКИН Олег Юрьевич — «Aqtobesu – energygroup» АҚ механик-жөндеушісі, Ақтөбе қаласы.

ҚОНАЕВ Ерболат Қорбанұлы — «Энергосистема» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Ойыл электр желілері учаскесінің IV разрядты  электромонтер-тракторшысы, Ақтөбе облысының Ойыл ауданы.

 

«Ерлігі үшін» медалімен

 

ТАСҚЫМБАЕВ Роман Қалилулаұлы — Ауған соғысының ардагері, «Арнайы қызмет – Қандыағаш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, Мұғалжар ауданы.

 

 «Ерен еңбегі үшін» медалімен

 

АЙЖАН Жақсылық — «Ақтөбе Медиа»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің менеджері, Ақтөбе қаласы.

АҚЗАМОВ Бисенғалий Мұхлисұлы — Nur Otan партиясы Мәртөк аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Мәртөк ауданы.

АНИШОВ Жәнібек Анешұлы — «Тайбұрыл» шаруа қожалығының басшысы, Қобда ауданы.

АСҚАРОВ Ғайният Сүлейменұлы — Мұғалжар аудандық сайлау комиссиясының төрағасы, Мұғалжар ауданы.

АТЫРАУБАЕВ Болат Төлеубайұлы — «Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі» Мемлекеттік Коммуналдық Қазынашылық кәсіпорнының  суретші-жаңғыртушысы, Ақтөбе қаласы.

ӘЛІПОВ Серік Амантайұлы — «ПромМаркет»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің  бас директоры, Ақтөбе қаласы.

БЕКЕНОВА Алмагүл Шұбайқызы — жеке кәсіпкер, Ақтөбе қаласы.

БОЛЫСОВ Қалинұр Қасықбайұлы — Ақтөбе облысы әкімінің кеңесшісі, Ақтөбе қаласы.

БОТАҒАРИН Серік Көшерұлы — «Ардагер» ҚБ төрағасы, Ақтөбе қаласы.

ДАБЫЛОВ Ақжол — «Бұлақ – Агро»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің  директоры, Әйтеке би ауданы.

ЕЛЕУОВ Ғалымжан Алмасбекұлы — «ДАРУ МЕДИКАЛ ГРУП»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің  бас директоры, Ақтөбе қаласы.

ЖАЙЛЫБАЙ Естай Жұмағазыұлы — «Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар және басқару колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорнының директоры, Ақтөбе қаласы.

КОМЛЫК Владимир Александрович — «КТП-Транс» ЖШС-ның операторы, Ақтөбе қаласы.

ҚАЗБЕКОВ Руслан Сағындықұлы — «Қазхром» транс ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы филиалы-Ақтөбе ферроқорытпа зауыты өндірістік-техникалық бөлімінің басшысы, Ақтөбе қаласы.

ҚАЛДЫҒҰЛОВ Самат Рейұлы — «Реймқұл» шаруа қожалығының басшысы, Алға ауданы.

ҚАЛИ Әшім Шәріпұлы — «№2 Ақтөбе қаласының көпсалалы балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жаттықтырушы оқытушысы, Ақтөбе қаласы.

ҚУАТБАЕВА Гүлмира Жадырасынқызы —  «№1 мектеп-гимназиясы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  мұғалімі, Шалқар ауданы.

НУГМАНОВ Амангелді Шайхоллаұлы — «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы, Ақтөбе қаласы.

ЛЯШЕНКО Вадим Викторович —  «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС электр цехының басшысы, Ақтөбе қаласы.

САТЕНОВ Итемген Молдағалиұлы — «Энергосистема»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  Ырғыз электр желілері учаскесінің басшысы, Ырғыз ауданы.

ХАМБАРОВ Руслан Геннадьевич — Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары, Ақтөбе қаласы.

ІЗБАСТИН Елман Сержанұлы — «Али-Жас и К»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  директорының орынбасары, Хромтау ауданы.

 

«Шапағат» медалімен

 

АЙБОСЫНОВА Күлжахан Нұрмағамбетқызы — «Облыстық клиникалық инфекциялық ауруханасы»  мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының  бөлім меңгерушісі, Ақтөбе қаласы.

АЛДАЖАРОВА Бейбіт Сақтапбергенқызы — «Ырғыз аудандық ауруханасы»   мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының мейіргері, Ырғыз ауданы.

АНАФИЯЕВА Гүлсара Қайболлақызы — «Бестамақ орта мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мұғалімі, Алға ауданы.

ЖАРЖАНОВ Берік Қуандықұлы — «Қарғалы орталық аудандық ауруханасы»   мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының  бас дәрігері, Ақтөбе облысының Қарғалы ауданы.

ҚАПАШЕВА Ляззат Кенжебекқызы — «Облыстық фтизиопульмонология орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының  дәрігері, Ақтөбе қаласы.

ҚОЖАҚОВА Найля Сәрсенғалиқызы — «№1 Бадамша орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры, Қарғалы ауданы.

КӨБЕЙСІНОВ Серік Орысбайұлы — «Байғанин аудандық ауруханасы»  мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының мейіргері, Ақтөбе облысының Байғанин ауданы.

НҰРАЛИНА Марал Серікқызы — «Д.А.Р.» волонтерлік клубының директоры, Ақтөбе қаласы.

ІЗІМОВ Мырзабек Серғазыұлы — волонтер, қоғам белсендісі, Ақтөбе қаласы.

 

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен

 

БАЙМАҒАНБЕТОВА Аққаным Төлегенқызы — «№2 әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кіші қызметкері, Ақтөбе қаласы.

БИСАЛИЕВА Гүлсара Абрикқызы — «№1 әлеуметтік қызмет көрсету орталығы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  аға мейіргері, Ақтөбе қаласы.

БОРАНБАЕВ Бауыржан Сайдоллаұлы — «Ақтөбе халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамы патрульдік автомобиль жүргізушісі, Ақтөбе қаласы.

ЕШІМҚҰЛОВА Набира Қожабайқызы — «Шұбарқұдық балалар музыка мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорнының директоры, Темір ауданы.

ЖҰМАБАЕВ Арыстанбек Сандыбайұлы — «GRANTADAL» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің  бас директоры, Ақтөбе қаласы.

ҚҰРМАНҒАЗИН Есімхан Ақнаурызұлы — Бизнесті қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңес төрағасы, Ақтөбе қаласы.

ҚҰРМАНҒАЗИН Жаңатілеу Базарбайұлы — «Ақтөбе Жылу Электр орталығы» акционерлік қоғамы қазандық цехының аға машинисі, Ақтөбе қаласы.

ҚЫДЫРБАЕВА Жанат Хайроллақызы — Nur Otan партиясы Ақтөбе облыстық филиалы ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің консультанты, Ақтөбе қаласы.

 

  1. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілді.

Қазақстан Республикасының Президенті   Қ.ТОҚАЕВ.

 Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 3 желтоқсан.

№461

Басқа жаңалықтар

Back to top button