Жаңалықтар

Кемшіліктер мен ұсыныстар

Адал жол

«Адал жол» жобасы аясында «Теміржол саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған шаралар және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы жаңалықтар» тақырыбында отырыс өтті.

Жиынға облыстық жемқорлыққа қарсы департамент басшысының бірінші орынбасары Ғалымбек Досанов, республикалық «Адал жол» жобалық кеңсесінің басшысы Исламбек Майшекин, «Ақтөбе — адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Жанболат Тұртаев, «Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ филиалдарының басшылары қатысты, сондай-ақ аудандық теміржол саласының қызметкерлері аталмыш жиынға онлайн қосылды.

Шара барысында жобалық кеңсе басшысы Жанболат Тұртаев «Ақтөбе — адалдық алаңы»  жобалық кеңсесінің «Адал жол» жобасы бойынша атқарылған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша мониторинг жұмыстарының нәтижелерін баяндады.

Жобалық кеңсе басшысының айтуынша, былтыр «Адал жол» жобасы аясында 13 мониторинг  жүргізіліп, 113 билетсіз жолаушы, 10 техникалық бұзушылық, 1 делдал және 350 кг салмақтағы тіркелмеген жүк анықталды. Мониторингтер жүргізу барысында 2 пойыз бригадиріне, 9 жолсерікке қатысты келісімшарт бұзылды, 3 жолсерік түрлі тәртіптік жазаға тартылды. Сондай-ақ вагондарда мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жағдай жасалмаған, төсек-орын жабдықтарын пайдалану мерзімі жоқ және жеке басын куәландыратын деректері көрсетілмеген билеттері бар жолаушыларды тасымалдаған жағдайлар анықталды.

Жобалық кеңсенің мониторинг жұмыстарының қорытындысы бойынша жауапты ұйымдарды әкімшілік жауапкершілікке тартуға қатысты тиісті акт жасалды.

Жанболат Тұртаев аталмыш кемшіліктерді қайталамауға және халықтың өміріне қолайлы жағдай жасау мақсатын алға тарта отырып, бірқатар ұсыныс айтты.

«Өткен жылы атқарылған мониторинг жұмыстарының нәтижелерін ескере отырып, жолсеріктер арқылы берілетін тауарларды ресми рәсімдеу, ұрлық, билетсіз жолаушы, саудагерлерді, жолсеріктердің жұмысын бақылау мақсатында вагондарға камера қондыру, жолсеріктерді жұмысқа қабылдау және аттестациядан өткізу комиссияларына қоғам өкілдерін қосу, барлық бағыттағы пойыз құрамына қосымша жҮк салғыш вагондарын қосу, теміржол вокзалындағы перронға жолаушыларды шығарып салушыларды кіргізбеу және мүмкіндігі шектеулі жандарға вагон ішіндегі қозғалысына және дәретханаға баруына қолайлы жағдай жасауға ұсыныс білдіремін», — деді жобалық кеңсе басшысы.

  Зульфия НАБИУЛИНА,

«Ақтөбе — адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің баспасөз хатшысы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button