Жаңалықтар

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Өңір басшысы Оңдасын Оразалин облыс әкімінің жаңа орынбасарын таныстырды.
ҚР Президенті әкімшілігімен келісім бойынша, өңір басшысының өкімімен облыс әкімінің орынбасары болып Сәлімгерей Бекбергенов тағайындалды.
54 жастағы Сәлімгерей Бекбергенов Қазақ мемлекеттік сәулет және құрылыс академиясын тәмамдаған.
Еңбек өтілін Алматы қаласындағы «Средазэнергомонтажстрой» трестінде слесарь-сантехник болып бастады. Әр түрлі жылдары БҚО Орал қаласы әкімінің орынбасары, БҚО мемлекеттік сатып алу департаментінің директоры, БҚО сәулет, қала құрылысы және құрылыс басқармасы басшысының орынбасары, Маңғыстау облысы сәулет, қала құрылысы және құрылыс басқармасының басшысы, Маңғыстау облысы Ақтау қаласының әкімі болды.
Аталмыш қызметке тағайындалар алдында ҚР Президенті әкімшілігінде мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды.
Облыс әкімі Сәлімгерей Бекбергеновтің жұмысына табыс тілеп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосатынына сенім білдірді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button