Жаңалықтар

«Ақтөбе облысының аумағында карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» Ақтөбе облысы Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 29 тамызындағы №ПГСВ-51 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІАҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРИЯЛЫҚ ДӘРІГЕРІ

ҚАУЛЫ

17.09.2020 ж.
Ақтөбе қаласы

«Ақтөбе облысының аумағында
карантиндік шектеу шаралары
және оларды кезең-кезеңімен
жеңілдету туралы» Ақтөбе облысы
Бас Мемлекеттік санитариялық
дәрігерінің 2020 жылғы 29 тамызындағы
№ПГСВ-51 қаулысына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы

Ақтөбе облысының халқы арасында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Ақтөбе облысының аумағында карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» Ақтөбе облысы Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 29 тамызындағы №ПГСВ-51 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) 1-тармақтың 1.1. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«тыйым салынсын:
– конференциялар, көрмелер, форумдар, ойын-сауық, спорттық, сондай-ақ адамдар көп жиналатын отбасылық, салтанатты, естелік және басқа да іс-шараларды, оның ішінде үйде өткізуге;
– ойын-сауық мекемелерінің (караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, кальян (оның ішінде қоғамдық тамақтандыру объектілері жанындағы), жабық үй-жайлардағы балалар ойын алаңдары, аттракциондар, батуттар және басқалары), кинотеатрлардың (ашық ауадағы кинотеатрларды қоспағанда), букмекерлік кеңселердің және лото-клубтардың қызметтеріне;

– балаларды сауықтыру лагерлері қызметіне;
– мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметіне, №43 ҚРБМСД қаулысының талаптары сақталуымен 15 адамнан аспайтын кезекші топтарды қоспағанда;
– фудкорт, банкет залдарының қызметіне;».

2) 1-тармақтың 1.2. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«Демалыс (жексенбі) және мереке күндері мынадай шектеу шараларын енгізу:
– сауда үйлері, сауда желілері, сауда-ойын-сауық орталықтарының (бутиктердің) жұмысын тоқтата тұру, ондағы азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда;
– азық-түлік емес және азық-түлік сататын жабық базарлардың;».

3) 1-тармақтың 1.3. тармақшасын мынадай мазмұндағы тармақтармен толықтырылсын:
«- маска режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, ашық ауадағы кинотеатрлардың қызметіне рұқсат етуді;
– театрлардың қызметіне рұқсат беруді (толтырылуы 50%-дан артық емес, бірақ 50 адамнан артық емес, infokazakhstan.kz порталында тіркеле отырып, маска режимін, әлеуметтік қашықтықты және ҚР БМСД-нің № 43 қаулысының талаптарын сақтай отырып);
– сауда-ойын-сауық орталықтарында орналасқан (жеке үй-жайларда) қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне ұжымдық іс-шараларды өткізбей, 50-ден аспайтын отыратын орын орнатыла отырып, №43 ҚРБМСД қаулысының талаптары сақталған кезде рұқсат етуді;».

4) 1-тармақтың 1.2. тармақшасының 3, 9, 12, 15-абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«- жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлар (объектіде келушілердің 30% – дан аспауы қажет, 1 келушіге – 4 м2), жұмыс кестесі жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін белгілене отырып, толтырылуы 30% – дан аспайтын және 1 келушіге 4 м2-ден кем болмайтын жағдайда №43 ҚР БМСД қаулысының талаптары сақталған кезде жұмысына рұқсат етуді;»
«- балалардың түзету кабинеттерінің/орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған білім беру орталықтарының қызметіне топ 15 адамнан аспай толтырылғанда, алдын ала жазылумен жұмыс кестесін сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін белгілей отыра, ҚР БМСД-нің №43 қаулысының талаптары сақталған кезде рұқсат етуді;»
«- ашық ауада және үй-жайда қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне ұжымдық іс-шараларды өткізбей, залда 50-ден аспайтын отыратын орын орнатыла отырып, сағат 10.00-ден 00.00-ге дейін №43 ҚРБМСД қаулысының талаптары сақталған кезде рұқсат етуді;»
«- мемлекеттік органдардың (ұйымдардың, кәсіпорындардың), квазимемлекеттік сектор органдарының, ұлттық кампаниялардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне №43 ҚРБМСД қаулысының талаптары сақталған кезде рұқсат етуді қамтамасыз етсін. Бұл ретте қызметкерлердің кемінде 50%-ы қашықтықтан жұмыс істеу нысанында қалдырылады (штаттық кестеде 30-дан астам қызметкер болған жағдайда)».
2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Ақтөбе облысының
Бас Мемлекеттік
санитариялық дәрігері         

Н.А. Беркімбаева

Басқа жаңалықтар

Back to top button