Басты жаңалықтарДенсаулық

Батыс өңірде алғаш жасалған ота

Жуырда еліміздің Батыс өңірінде алғаш рет бауыр циррозына шалдыққан науқастарға фетальды жасушаларды ауыстыру отасы жасалды.

Ота екі адамға жасалды. Қазақстанда бұрын мұндай ота тек Нұр-Сұлтан қаласында ғана жасалып келіпті.

М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің профессоры Самат Сапарбаевтың айтуынша, науқастарды емдеу үшін, ота барысында фетальды гепатоциттер қолданылған.

«Жасушалы терапияның аясы кең, ол бауыр ауруы, қант диабетінен басталып, тіндермен және терімен аяқталады. Жасушалы терапияның жаңа бағыты Ақтөбе және басқа да батыс облыстар тұрғындарына емделудің жоғары технологиялық әдістерін қолжетімді етеді және өмір сапасының деңгейін айтарлықтай көтереді деп сенемін», — деді профессор.

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин ота жасалған науқастардың хал-жағдайын сұрай барып, олардың тез сауығып кетуіне тілектестігін жеткізді. Сондай-ақ, ол отаны жасаған жоғары білікті мамандарға жұмыстарына сәттілік тіледі.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button