Жаңалықтар

Облыс әкімі Мемлекет Басшысына  өңірдегі ахуал туралы баяндады

Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалинмен телефон арқылы сөйлесті, – деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әңгіме барысында өңір басшысы Ел Президентіне облыстың әлеуметтік-экономикалық және санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы туралы баяндап берді.  Індеттің бәсеңдегенін, жедел жәрдемге қоңырау шалушылардың азайғанын, емханаға науқастанып түсушілердің санынан  аурудан айығып шығып жатқандардың саны үш есе басым түсуі себепті кереуеттер санының  40%-ға ғана пайдаланылып отырғанын айтып өтті. Сонымен қатар, дәрі-дәрмектер қоры толықтырылғаны жөнінде мәлімдеді. Телефон арқылы болған сұхбат соңында Мемлекет Басшысы облыс әкіміне өңірдегі ахуалды үнемі бақылауда ұстауды, берілген тапсырмалардың уақытылы орындалуын қадағалауды тапсырды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button