Жаңалықтар

954 нысан тексерілді

15 шілдеден бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес және коронавирус инфекциясының алдын алу үшін кәсіпкерлік нысандары жоспардан тыс тексеріліп жатыр.

 5 шілдеден бүгінгі күнге дейін құрамында облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті аумақтық басқармаларының мамандары енген мобильді топ 954 нысанды тексерді.

Жоспардан тыс тексерулер мен мобильдік топтар анықтаған жағдайлар негізінде  әкімшілік тәртіпбұзушылық бойынша 121 хаттама толтырылып, жалпы сомасы 13 598 310 теңге көлемінде айыппұл салынды. Қалған материалдар қаралып жатыр. Жалпы, бұл бағыттағы жұмыстар жалғаса бермек.

Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті облыс тұрғындарын коронавирус инфекциясының алдын алу, қоғамдық орындарда бетперде тағу, қолды жиі жуу, антисептиктерді пайдалану және әлеуметтік арақашықтықты сақтау талаптарын орындауға шақырады. Кәсіпкерлік субъектілері қаулы талаптарын және коронавирус  инфекциясы бойынша алдын алу шараларының алгоритмін сақтауға қажет.

Облыстық тауарлармен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін  бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button