Жаңалықтар

Кәсіпкерлер қайырымдылығы

Акция

Шалқар ауданының жеке кәсіпкерлері мен еріктілері елімізді алаңдатқан індетпен күрес кезінде науқастарға көмек көрсету мақсатында «Шалқар кәсіпкерлерінен көмек» акциясы аясында қайырымдылық танытты.

Олар қорға жиналған 2 242 500 теңгеге жасанды тыныс алу аппараттарын, медициналық және қорғаныс құралдарын, сондай-ақ 35 дана кислород баллондарын аудандық ауруханаға табыс етті.

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының директоры Б.Анапин осындай сын сағатта кәсіпкерлеріміз де қарап қалмай, қолдан келген көмектерін беруге ұмтылып жатқандарын айтты.

Өз кезегінде Шалқар аудандық ауруханасы бас дәрігерінің міндетін уақытша атқарушы Е.Көпенов індеттің кесірінен ел басына түскен осындай кезеңде аудан кәсіпкерлері мен еріктілері үлкен жүрекпен жанашырлық танытуы нағыз азаматтық екенін айта келе, аудан дәрігерлері атынан шын жүректен алғысын жеткізді.

Сонымен қатар кәсіпкерлердің бірлесуімен екі қой сойылып, аудандағы аз қамтылған отбасыларға таратылды. Сондай-ақ шаруа қожалықтарының үлесінен бес қойдың еті ауруханаға жеткізілді.

Қыдыралы ӘЛИН,

Шалқар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button