Жаңалықтар

«Орталықта оңалып, отбасына оралғандар да бар»

Бүгінгі таңда облыстық жұмыспен қамтудыүйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты №2 әлеуметтік қызмет көрсету орталығында психоневрологиялық аурулары бар 400 тұрғын тұрып жатыр. Бұл мекеме алғашқы тұрғынын 1987 жылы қабылдапты. Осы орталықтың қазіргі директоры Сәбит Cәрсеновпен сұхбаттасқан едік.

  • Орталыққа неше жастан қабылданады? Мұндағы тұрғындардың басты диагнозы қандай?
  • «№2 әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан бірінші және екінші топтағы мүгедектер қабылданады. Атап айтсам, оның ішінде барлық дәрежедегі ақыл-ой кемістігі, оның ішінде жүріп-тұру функцияларының өрескел бұзылуы, бөгде адамның көмегінсіз қозғалып жүре алмайтын, өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын, жеке күтімді қажет ететін, психикалық аурулардың созылмалы түрі, жеке адам дефектісі айқын білінетін шизофрения, жарыместік белгілермен сирек кездесетін тырыспасы бар эпилепсияның түрлі нысандары, жарыместік белгілері бар бас, мидың жұқпалы және басқа да органикалық аурулары, этиологиясы әртүрлі деменция салдарынан болған мүгедектер бар.
  • Мекемеде тұрғындарға қандай қызмет түрлері көрсетіледі?
  • Тұрғындарымызға жасы мен денсаулығына қарай үй жағдайына жақындатылған орта жасауға тырысамыз. Кемсітушіліктің барлық түрлерінен, физикалық және психикалық зорлықтан, қорлаудан, дөрекіліктен қорғау — мекеменің басты міндеттері. Қызмет алушылардың қажеттілігін бағалау негізінде мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын ескере отырып, әлеуметтік қызметкерлер әрбір қызмет алушыға бір жылға жеке жұмыс жоспарын әзірлейді.Қызмет алушылардың жай күйіндегі өзгерістер тоқсан сайын (қажеттілігіне сәйкес ай сайын) қаралып, мониторинг жүргізіледі.Мекемеде стационар жағдайында қызмет алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, олардың жеке даму, әлеуметтену деңгейін арттыруға бағытталған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Атап айтсақ, олар — әлеуметтік-тұрмыстық; әлеуметтік-медициналық; әлеуметтік-психологиялық; әлеуметтік-педагогикалық; әлеуметтік-еңбек; әлеуметтік-мәдени; әлеуметтік-экономикалық; әлеуметтік-құқықтық секілді 8 түрлі стандартқа сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер.
  • Сонда қазір орталықта қанша тұрғын бар?
  • Орталығымызда 400 тұрғын тұрады. Оның 240-ы— ер адам, 160-ы — әйел. Ең жасы — 18-де,тоқсан бір жастағы ақсақалда бар.
  • Олардың өмірі қалай өтіп жатыр, күнделікті тірлігі қалай ұйымдастырылады?
  • Біздің орталығымызбасқада осындай әлеуметтік орталықтар сияқты күн тәртібіне бағынады және орталық қызметкерлері тұрғындардың сол күн тәртібімен жүріп-тұруын үнемі қадағалап отырады. Сегіз бағытта арнаулы қызмет көрсетіледі дедім ғой, сондай қызмет көрсету аясында еңбекке баулу бағдарламасы бойынша тұрғындарымыздың өздері мекемеміздің әр- түрлі саласында жұмыс жасайды. Оларды әртүрлі жұмысқа бейімдеп, үйрететін еңбек инспекторлары бар.Мәдени іс-шараларғада көңіл бөлінеді, яғни тұрғындардың туған күндерін атап өтуге айдың соңында концерт ұйымдастырылады. Тұрғындардыңөздері ән айтып, би билейді. Сондай-ақ мекемеміздің әлеуметтік қызметкерлерінің қатысуымен қаладағы театрлар мен кинотеатрларға, мұз айдынына, ипподромға, мешітке, шіркеуге т.б. мәдени орталықтарға серуендеулер ұйымдастырылады. Ол жерлерге бару үшін мекемемізде «ПАЗ»автобусықарастырылған.
  • Орталықтың бюджеті қайдан келеді? Жеке тұлғалардан көмек барма?
  • Мекеменің барлық шығыны толығымен мемлекеттік бюджеттен төленеді. Тұрғындардың күніне 5 мезгілден он екі ай бойғы тамағы, дәрі-дәрмегі, жоғарыда айтылған 8 бағыттағы арнаулы қызмет түрі, сондай-ақмекеменің коммуналдық шығыны, мекеме қызметкерлерінің жалақысы — бәрі соның ішіне кіреді. Жеке тұлғалардан көмек болған жоқ.
  • Осы жерде оңалып,отбасына қайтқан тұрғындар болды ма?
  • Ия, бар. Біздің тұрғындардың диагнозы көп жағдайда өмір бойына тағайындалады, дегенмен оңалған тұрғындар бар. Былтыр 2 тұрғын, биыл бірінші жартыжылдықта 1 тұрғын отбасына оралған.
  • Алда қандай жоспарлар тұр?
  • Қазір заманына сай өзгеретін, жаңаратын уақыт. Орталықты өзін-өзі жылумен қамтамасыз ету мақсатында табиғи газбен жанатын қазандық салуды жоспарлап отырмыз. Сосын орталық қызметіне сұраныс болғандықтан, тұрғындар саны тағы отыз орынға көбейгелі тұр. Ол үшін бюджеттен қаражат та бөлінген.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button