Ресми

Ақтөбе облысының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысы

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ»
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАР ДӘРІГЕРІНІҢ

ҚАУЛЫСЫ

17.07.2020 ж.
Ақтөбе қаласы

Ақтөбе облысы аумағында
қатаң шектеу және карантиндік
шараларын ұзарту туралы

Мен, Ақтөбе облысының Бас мемлекеттік санитар дәрігері Беркімбаева Нұрсұлу Алтынбекқызы, Ақтөбе облысының тұрғындары арасында COVID-19 (бұдан әрі – COVID-19) коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында, «Пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы №130 бұйрығына және «Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан 2015 жылғы 20 наурыздағы №239 бұйрығына сәйкес, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Ақтөбе облысының Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 2020 жылғы 4 шілдедегі №ПГСВ-42 қаулысымен енгізілген қатаң шектеу және карантиндік шаралар 2020 жылдың 2 тамызын қоса алғанда ұзартылсын.

2. Аудандар мен Ақтөбе қаласының әкімдеріне, мемлекеттік органдарға, ұйымдарға, меншік нысанына қарамастан кәсіпкерлік субъектілеріне қосымша:
2.1. №ПГСВ-42 және осы қаулымен енгізілген шектеу және карантиндік шаралардың сақталуын қамтамасыз етсін.
2.2. Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық, маскалық режимді және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып жұмыс режимін белгілеу:
– ауданы 500 шаршы метрге дейін азық-түлік емес дүкендері сағат
10.00-ден 18.00-ге дейін;
– ауданы 500 шаршы метрден астам азық-түлік емес дүкендер ғана жеткізуге;
– қоғамдық тамақтану нысандарының шығаруға және жеткізуіне рұқсат етіледі;
– ауыл шаруашылығы техникалары үшін қосалқы бөлшектерді сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін, тек ашық ауада сатуға рұқсат етіледі.
2.3. Адам мен адамның тікелей қарым-қатынасынан туындайтын қызмет түрлеріне тыйым салу:
– косметикалық және косметологиялық қызмет көрсететін салондар;
– ателье.

3. Ақтөбе облысының Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 4.07.2020 жылғы №ПГСВ-42 қаулысының 4.3-тармағының 2-абзацы келесідей редакцияда жазылсын:
«- сауда үйлері, орталықтар, сауда желілері (тапсырыстарды клиентке жеткізу арқылы азық-түлік емес тауарларды сатуға жол беріледі;».

4. Ақтөбе облысының тұрғындарына қосымша:
4.1. Тұрғын үйден шыққан кезде әлеуметтік қашықтықты және алдын алу шараларын сақтау қажет (жабық үй-жайларда маскаларды кию, әрбір 2 сағат сайын ауыстыра отырып, бір рет қолданылатын қолғаптарды, олардың бүтіндігі бұзылған жағдайда ауыстыра отырып, тері антисептиктерін пайдалану);
4.2. Адамдар көп жиналатын орындарға бармау;
4.3. Әртүрлі қызметтерді алу кезінде адамдар арасында кемінде 1,5 метр қашықтықты сақтау;
4.4. Желдету арқылы тұрғын үйді үнемі ылғалды жинау;
4.5. Жеке гигиена ережелерін сақтау;
4.6. Респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері (мұрын, түшкіру, дене қызуының көтерілуі) пайда болған кезде тез арада тұратын жері бойынша медициналық көмек алуға болады.

5. Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы:
5.1. БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы Ақтөбе облысының аумағында қатаң шектеу және карантиндік шараларды ұзарту туралы халықты хабардар ету;
5.2. Өзгеріп отырған жағдайды және сырқаттанғандар санының өсуін ескере отырып, БАҚ жұмысын бірыңғай үйлестіру мен орталықтандыруды қамтамасыз ету.
6. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.Ақтөбе облысының
Бас мемлекеттік
санитар дәрігері Н.А. Беркімбаева.

Басқа жаңалықтар

Back to top button