Жаңалықтар

Кәмшат Жолдыбаева ақтөбелік көпбалалы отбасыға көмек көрсетті

Өзінің 3 баласынан бөлек, 18 ұл-қызды патронаттық тәрбиеге алған Ақтөбе қаласындағы көпбалалы Жетесовтер отбасын көпшілік біледі. Олардың барлығы «Шашу» халықтық отбасылық ансамблінде өнер көрсетеді. Жақында аталған шығармашыл шаңыраққа «Біз біргеміз» жалпыхалықтық акциясы аясында танымал эстрада әншісі Кәмшат Жолдыбаева ерекше сый жасады. 

Өмірхан мен Амангүл Жетесовтердің 18 баласы мектепте оқиды. Яғни қазіргідей карантин уақытында сабағын қашықтан, онлайн оқуға мәжбүр. Ал ол үшін әрқайсысына арнаулы техниканың керектігі сөзсіз. Бәріне бірдей ноутбук алып беру материалдық тұрғыда қиын екендігі және белгілі… Осы орайда өңіріміздегі белгілі мәдениет майталмандарына «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» Ақтөбе облыстық филиалы көмекке келді. Аталған ұйым үндеу жариялап, белгілі өнер адамдарын қол ұшын созуға шақырған-ды. Алматы қаласында тұратын эстрада әншісі әрі актриса Кәмшат Жолдыбаева  бұны естіп, ақтөбелік отбасыға 1 ноутбук пен 2 смартфон тарту етті.

Өз кезегінде Жетесовтер әулеті Кәмшатқа зор алғысын білдіріп, оған барлық жақсылықты тіледі.

…Алыста жүрсе де, игі іске ұмтылған белгілі әншінің осындай жомарттығы өзгелерге үлгі  болса екен дейсің.

Айбек СЕРІКҰЛЫ. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button