Жаңалықтар

«Байғанин маршы»

Қазақ әдебиетіне дарындар шоғырын сыйлап, басқа салаларда да перзенттерінің аты озған Байғанин жұрты да #BIZBIRGEMIZ челленджіне бір кісідей атсалысып, қолдау білдірді.
Жем-Сағызы жарыса аққан, мұнайлы өлкенің танымал перзенттері ақын, сазгер Орал-Қосай Байсеңгірдің әні мен сөзіне жазылған «Байғанин маршын» әдемі әуелетті.
Жігіттері мәрт, қыздары сұлу өлкенің гимніне айналған «Байғанин маршы» туралы автор былай дейді:

— Бұл әнім 2000 жылы жазылды. Бірақ жарыққа 2002 жылы шықты. Сөзі мен әні бірге туды. Түсімде осы әнді өңімдегідей айтып жатыр екенмін. Тіпті екі шумағы жатталып қалған. Таң алдында оянып кетіп, қағазға түсіре қойдым. Мұндай жағдай содан кейін кездескен жоқ.
Әнді авторымен бірге Есет Сәдуақасов, Ербол Мұқаш, Есентүгел Әзи, Құралбек Құрманғали, Азамат Бекбергенов, Айбат Жанғалиев, Асқар Әнуарұлы, Саят Абдолла секілді суында балық ойнап, қырын киік жайлаған өлкеден шыққан перзенттер орындады. Күйші Жайлау Асылханов пен Құрманғазы Жайлауұлы да ән арасында домбыра күмбірін келісті келтірген.

#BIZBIRGEMIZ

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button