Жаңалықтар

Атыңнан айналайын Алға деген…

#BIZBIRGEMIZ челленджі аясында алғалық өнерпаздар да жұдырықтай жұмылып, елеңдеген елдің көңілін сергітті. Жергілікті әншілер өңірдің ақын қызы Сағадат Мұсағалиеваның сөзіне жазылған жергілікті әнші, сазгер Бибігүл Сейітованың “Атыңнан айналайын Алға деген” әнін нақышына келтіріп орындады.

Жиырма жылдық тарихы бар аталған ән бүгінгі күні Алға ауданының әнұраны іспеттес. Әуезді әнді ең алғаш автор Бибігүл Сейітова өз дауысымен орындап шықты. Кейін ауданда өтетін мәдени іс-шараларда кеңінен шырқала бастады. Бибігүл Сейтоваға хабарласқан едік:
– Әрбір адамның туған жерге деген патриоттық сезімі мен сағынышын ән арқылы жеткізуге болады. Бұдан бөлек “Ақтөбемнің кештері-ай” атты әнді қаланың 130 жылдық мерейтойында шырқаған болатынмын. Ал облыста өткен “Алға күндерінде” облыстық филармония әншісі Ұлан Досмұратовпен “Атыңнан айналайын Алға деген” әнін тарту еткенбіз, — дейді ол.
Халыққа рухани қолдау көрсету мақсатында ән авторымен бірге алғалық талант иелері Сара Бисембаева, Жұбан Айтмағанбетов, Есімжан Сағадинов, Ерасыл Арыстанұлы, Бейбіт Алдаберген, Мират Есетов, Ұлан Досмұратов, Сәния Жұмабекова, Жәнібек-Лунара Бекбосыновтар, Қайрат- Жұлдыз Игіліковтер, Мербол-Алтын Құспановтар орындап шықты. Өңірге белгілі мәдениет қайраикері Дина Ниязова фортепианода сүйемелдеді.
#BIZBIRGEMIZ

Бекет АЙСҰЛТАН.

Басқа жаңалықтар

Back to top button