Жаңалықтар

Жалған ақпарат таратқан тұрғын ұсталды (Видео)

Облыста жалған ақпарат таратқаны үшін жеке емхананың 46 жастағы қызметкері ұсталды.
Интернет-кеңістікке мониторинг жүргізу барысында полицейлер WhatsApp желісі арқылы таратылған жалған ақпаратты анықтады.
Облыс тұрғыны аудио жазып, оны сыныптастар тобына жіберген. Жазуда Ақтөбедегі коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны ресми ақпараттан әлдеқайда көп, жеке клиниканың барлық қызметкерлері жұқтырған және карантинге жатқызылды деген мәліметтер айтылған.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері әлеуметтік желілер арқылы жалған ақпарат таратқан 46 жастағы әйелді ұстады. Күдікті өзінің заңсыз іс-әрекеттерін мойындап, жасаған ісіне өкінді.
Аталған дерек бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 478-бабы (Төтенше жағдай кезінде құқық тәртібін бұзуға итермелейтін іс-әрекеттер) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, әкімшілік сот 40 АЕК (106.040 теңге) әкімшілік айыппұл салды.

Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button