Жаңалықтар

Темірде Жансен Кереевке ескерткіш орнатылады

Темір ауданының орталығында көрнекті әскери қайраткер, генерал-лейтенант Жансен Кереевтің ескерткіші орнатылады.
Темір ауданының әкімі Жолдас Қалмағанбетовтің бастамасымен қолға алынған жоба генерал-лейтенант Жансен Кереевтің 90 жылдығына арналып отыр.
Ескерткіш биыл 7 мамыр — Отан қорғаушылар күнінде генерал-лейтенанттың есімі берілген көше бойында ашылады.
— 2000 жылдары Ақтөбе қаласындағы генерал-лейтенант атындағы көшеге оның мүсіні қойылған болатын. Авторы — Бақытжан Әбішев. Міне, сол мүсіннің негізінде биыл аудан орталығында біз де ескерткіш орнатқалы отырмыз. Ескерткіштің жобасы әзір. Елге адал қызмет еткен қайраткердің мүсінін орнатуға қолдау білдірген барлық жерлестерге ризашылығымды білдіремін, — дейді аудан әкімі.
Айта кету керек, ескерткіш тұғырының биіктігі — 3 метр, граниттен құйылған. Ал бюсті
мүсінші Бақытжан Әбішевтің туындысы негізінде жасалған.
Темір ауданының Бабатай ауылында дүниеге келген Жансен Кереев кешегі кеңестік заманда ірі әскери округте штаб бастығы қызметін атқарған.

Д.ҚАЗИХАН.

Басқа жаңалықтар

Back to top button