Жаңалықтар

200-ге жуық мемлекеттік қызметші сенбілікке шықты

Елдегі төтенше жағдайға байланысты Ақтөбеде шектеу шаралары енгізілгені белгілі. Күн сайын коронавирус індеті таралуының алдын алу мақсатында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. Бірақ бұл жеткіліксіз. Аулаларда, көшелерде санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу де маңызды. Осыны ескеріп, мемлекеттік қызметшілер сенбілікке шығуды ұйғарды.

— Сенбілік жасауға бастама көтергендердің бірі — Ақтөбе қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің қызметшілері. Қауіптің барын сезінгенімен, мемлекеттік қызметшілер тәуекелге бел буып, тазалық жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар қалада жеке пәтер иелері кооперативтері және кондоминиумдар аулаларды және аумақтарды тазалау жұмыстарын тұрғындарды тартпай, өз беттерімен жүргізуге кірісті, — дейді қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің сектор меңгерушісі Ақнұр Қазбаева.
Аталған сенбілікке 200-ге жуық мемлекеттік қызметші қатысып, 10 тонна қоқыс шығарды.
Осылайша облыстық басқармалар мен департаменттердің, Ақтөбе қаласы әкімдігі бөлімдерінің қызметшілері елдегі қиын жағдайда тұрғындардың қауіпсіздігін ойлап, өздері бастама көтеріп, сенбілік жасады.
Алдағы уақытта қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мердігер ұйымдары күн сайын 700 көшені күтіп-ұстау үшін тазалық жұмыстарына 25 техника мен 100 адам шығарып отырады.

Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button