Жаңалықтар

Ақтөбе облысында төтенше жағдай кезінде коммуналдық қызметтердің тарифтері төмендетілді

Халықты әлеуметтік қолдау және қаржылық ауыртпашылықты төмендету бойынша қабылданып жатқан шаралар шеңберінде Мемлекет басшысы тарапынан бірқатар тапсырмалар берілген болатын, оның ішінде коммуналдық қызметтердің тарифтерін төмендету де бар. Осы тапсырманы орындау мақсатында облыс әкімдігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментімен бірлесе отырып, тұрғындар үшін коммуналдық қызметтердің тарифтерін төмендетіп отыр.

Осылайша, коммуналдық қызметтерге наурыз айына есептелген төлем сомалары осыған дейін қарастырылған деңгейден төмен болады. Ауыртпашылықты бюджеттік қаражат есебінен қаржыландырылатын мекемелерге жүктеу арқылы, төмендегі кәсіпорындар бағаны төмендетіп отыр (барлық бағалар ҚҚС-мен көрсетілген):

– «Ақбұлақ» АҚ Ақтөбе қаласы бойынша тарифтері 20% төмендейді, оның ішінде: сумен жабдықтау қызметі бойынша 1м3 77,97 теңгеден 62,38 теңгеге,

Су бұру қызметі бойынша 1м3 67,21 теңгеден 53,77 теңгеге дейін, жылумен жабдықтау қызметіне 1 гКал 3090,72 теңгеден 2472,58 теңгеге дейін;

– «Теміржолсу-Ақтөбе» ЖШС Ақтөбе қаласы сумен жабдықтау қызметі тарифі 20% төмендейді, яғни 1м3 74,49 теңгеден 62,38 теңгеге дейін;

– «Ұлы Борсық» АҚ Шалқар ауданы бойынша тарифтері 50% төмендейді, оның ішінде:

сумен жабдықтау қызметі бойынша 1м3 116,27 теңгеден 58,13 теңгеге;

су бұру қызметі бойынша 1м3 125,17 теңгеден 62,59 теңгеге дейін;

жылумен жабдықтау қызметіне 1 гКал жалпы үйге ортақ есептеу аспаптары бар тұрғындар үшін 3332,27 теңгеден 1666,08 теңгеге дейін;

жылумен жабдықтау қызметіне 1 гКал жалпы үйге ортақ есептеу аспаптары жоқ тұрғындар үшін 4407,13 теңгеден 2203,57 теңгеге дейін;

– «Алға-Жылу» КМК Алға ауданы бойынша тарифтері 50% төмендейді, оның ішінде:

сумен жабдықтау қызметі бойынша 1м3 116,37 теңгеден 58,18 теңгеге;

су бұру қызметі бойынша 1м3 64,44 теңгеден 32,22 теңгеге дейін;

жылумен жабдықтау қызметіне 1 гКал 3581,40 теңгеден 1790,70 теңгеге дейін;

– «Коммуналшы» МКК Мұғалжар ауданы бойынша тарифтері 50% төмендейді, оның ішінде:

сумен жабдықтау қызметі бойынша 1м3 93,62 теңгеден 46,82 теңгеге;

су бұру қызметі бойынша 1м3 105,65 теңгеден 52,83 теңгеге дейін; жылумен жабдықтау қызметіне 1 гКал жалпы үйге ортақ есептеу аспаптары бар тұрғындар үшін 3313,35 теңгеден 1656,68 теңгеге дейін, жылумен жабдықтау қызметіне 1 гКал жалпы үйге ортақ есептеу аспаптары жоқ тұрғындар үшін 4185,97 теңгеден 2092,99 теңгеге дейін;

– «Қазхром» ТҰК» АҚ Хромтау ауданы бойынша тарифтері 50% төмендейді, оның ішінде:

сумен жабдықтау қызметі бойынша 1м3 70,59 теңгеден 35,29 теңгеге;

су бұру қызметі бойынша 1м3 36,09 теңгеден 18,04 теңгеге дейін;

жылумен жабдықтау қызметіне 1 гКал 3237,14 теңгеден 1618,57 теңгеге дейін;

– «Кеңқияқ-СК» КМК Кеңқияқ ауылы бойынша тарифтері 50% төмендейді, оның ішінде:

сумен жабдықтау қызметі бойынша 1м3 85,21 теңгеден 42,60 теңгеге;

су бұру қызметі бойынша 1м3 55,60 теңгеден 27,80 теңгеге дейін.

Атап өту қажет, сумен жабдықтау қызметі бойынша бірқатар аудандарда тұрақты түрде ерекше маңызы бар топтық және локалдық сумен жабдықтау жүйелері арқылы су беру бағдарламасы шеңберінде, мемлекеттік субсидияландыру қолданылады.

Сондықтан көрсетілген төмендетулер оларға қолданылмайды.

Бұдан өзге, «Ақтөбеэнергоснаб» ЖШС жүзеге асырылатын, электр энергиясымен жабдықтау бағасы, электр энергиясын тұрмыстық мақсаттарға тұтынатын тұрғындар тобына облыс бойынша бағасы шамамен 10% төмендетуге қол жеткізілді, оның ішінде тұтыну деңгейлеріне қарай:

– 1-деңгейлі тариф электр плитасын қолданатындар үшін – 9,04 теңгеден 8,22 теңгеге, электр плитасын қолданбайтындар үшін — 9,13 теңгеден 8,30 теңгеге дейін;

– 2-деңгейлі тариф – 11,76 теңгеден 10,69 теңгеге дейін;

– 3-деңгейлі тариф – 14,69 теңгеден 13,36 теңгеге дейін.

Сонымен қатар, осыған дейін коммуналдық қызметтер көрсететін барлық субъектілерге, берешек туындаған жағдайда, қызмет көрсетуді тоқтатпау туралы ұсыным жолданған болатын.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button