Пікір

Дәрігерді үйге шақыртыңыз

Әсет ҚАЛИЕВ,
облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

Қазіргі күні Ақтөбе қаласындағы емханалардың жұмыс кестесі өзгерген жоқ. Бірақ шақыртуларға баратын бригадалардың саны өсті. Әсіресе, жедел респираторлық вирусты инфекцияға шалдыққан балалар мен жүкті әйелдерге бригада бірінші жетеді.

Ал созылмалы сырқатқа шалдыққан науқастарға дәрігерлер онлайн кеңес береді, тіркеуде тұрған науқастарға қажетті дәрі-дәрмекті үйлеріне жеткізеді.

Талап бойынша жоспарлы түрде жасалатын емнің көлемі қысқарды. Шұғыл көмекке мұқтаж адамдар емдеу мекемелеріне қабылдана береді. Әрбір емханалардың кіреберістеріне фильтр қойылған. Келушілердің дене қызуын өлшеп, жүкті әйелдер мен балаларға медициналық бетпердені тегін таратады. Егер қызуы көтеріліп, жедел респираторлық вирусты инфекцияның белгісі байқалса, бірден оқшауланады.

Осы ретте тұрғындар мынаны ескеруі қажет, егер дене қызуы көтеріліп, тұмаудың белгісі байқалса, бірден дәрігерді үйге шақырту керек. Шұғыл көмекке мұқтаж болмаса, азаматтар емдеу мекемелеріне бармағандары жөн.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button