Пікір

Баға бірқалыпты ұсталса…

Бағдагүл  ЖЕТПІСБАЕВА, зейнеткер,

— Негізгі азық-түліктерді супермаркеттен өткенде алып қойдық.  Қазір жұртшылық көп тұтынатын негізгі азық-түліктерге қатысты баға аса өзгеріп жатыр деп ойламаймын. Бірақ қанттың бағасының өскені рас. Осыдан оншақты күн бұрын  150 теңгеге сатылатын қант «Анвар» супермаркеттер желісінде бүгінде 175 теңгеден сатылып жатыр. Зарарсыздандырушы заттардың бағасын қараған жоқпын, өйткені үйде хлор қосылған сұйықтықтар қоры  жеткілікті.  Бұрын дәріханаларда 15-20 теңгеге сатылатын  бір реттік қолданыстағы бетперделердің  осы күндері  150-250 теңгеден сатылып жатқаны рас. Меніңше, жұртшылықты әбігерге салмай-ақ, бетперделерді супермаркеттердің алдында  тегін таратса да болады емес пе?

Менің пікірім –халық көп тұтынатын нан, ұн өнімдері, жармалар, сұйық май, еттің  қымбаттауына жол бермей, бағаны бірқалыпты ұстап тұру керек.

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button