Жаңалықтар

ASHYQ AKIMDIK кеңсесі ашылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында айтылған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында облыс әкімдігінің ASHYQ AKIMDIK кеңсесі пайдалануға берілді.
Кеңсенің ашылуына облыс әкімі Оңдасын Оразалин, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментінің басшысы Мирлан Мұхамбетов және басқарма басшылары қатысты.
Кеңсенің ашылуы ең алдымен тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдауға арналған алаң болатынын айтқан облыс басшысы қабылдау күндерінің кестесін жүйелеу қажеттігін тапсырды.
— Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында халықпен тиімді кері байланыс орнату, қоғамдық диалог, ашықтық мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары саналады, — деген болатын, осы мақсатта ашылған кеңсе ақтөбеліктердің мәселесін тыңдап, оның шешілуіне бірден-бір жағдай жасалады деген сенімдеміз», — деді облыс әкімі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button