Жаңалықтар

«Аңызға айналған ару»

Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 95 жылдық мерейтойы қарсаңында осылай аталатын кітап жарыққа шықты.

Кітапта Әлия Молдағұлованың майдандас достары мен туыстарының естеліктері, оның ерлігін ұрпақ жадында мәңгі қалдыру мақсатында Ақтөбе, Мәскеу, Санкт-Петербург, т.б. жерлерде өткен шаралар, Әлия Молдағұловаға арнап ашылған музейлердің бүгінгі тыныс-тірлігі жайлы мақалалар, сұхбаттар, жиындарда сөйленген сөздер топтастырылған. Құрастырушысы — «Қос шынар» Әлия-Мәншүк қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғалымжан Байдербес.

Кітап Ақтөбедегі «А-Полиграфия» баспасынан «Бабэк Құрылыс» ЖШС-ның демеушілік қолдауымен жарық көрген.

Айта кетелік, Әлия Молдағұлованың 95 жылдық мерейтойы аясында Ақтөбеде көптеген шаралар жоспарланып отыр, соның ішінде Әлияның жаңа музейінің құрылысы бар.

Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button