Пікір

Бірлік түбі — береке

Тилапжан ИБРАГИМОВ,

«Қазақстандағы ұйғырлар мәдени орталығы» республикалық

қоғамдық бірлестігі Ақтөбе филиалының төрағасы.

Жамбыл облысы Қордай ауданында болған оқиғаға қазір қоғам қатты алаңдап отыр.

Еліміздегі ұлтаралық келісім мен халықтар бірлігі — қазақстандықтар үшін ең маңызды басымдық. Сондықтан мемлекетімізде бейбітшілік пен достықты сақтау және оны нығайту өте маңызды.

Еліміздегі халықтар достығы көп жылдар бойы бейбіт өмірдің ажырамас бөлігі ретінде қабылданып келді. Соның нәтижесінде кең-байтақ қазақ жерінде әртүрлі ұлт өкілдері бір-біріне көмек қолдарын созып, ынтымақ пен бірлікте өмір сүруде. Бұл — осы елдегі ұлттардың өзара ауызбіршілігі мен достығының, қазақ халқының кеңдігі мен бауырмалдығының арқасында қол жеткізген басты байлығымыз.
Сондықтан аталған қақтығыстықтың болуына қандай да бір себеп болса да, біз, қазақстандықтар, сабыр танытып, ақылға қонымды шешім қабылдап, тәртіпсіздікті тоқтатуымыз қажет.

Мен барша қазақстандықтарды болашақта осындай қайғылы жағдайларға, қателіктерге жол бермеуге және арандатушылыққа алданбауға шақырамын!

Біз сіздермен бірге Отан алдындағы ортақ жауапкершілігімізді жақсы түсінеміз, сондай-ақ елімізде бейбітшілік пен келісімде өмір сүру үшін барлық күш-жігерімізді аямаймыз деген сенім білдіремін.

Басқа жаңалықтар

Back to top button