Пікір

 «Ашу — дұшпан, ақыл — дос»

Жандос ЕСПАНБЕТОВ,

облыстық тарихи-мәдени мұраларды қорғау орталығының бас инспекторы.

 

Қазақтың бір перзенті ретінде Қордай өңірінде болған келеңсіз жайтқа бейжай қарай алмадым. Ой сан-саққа кетті. Егеменді мемлекетіміздің көк байрағының астында бейбіт өмір сүріп жатқан ел едік, аяқ асты не ойларымызды білмей, шыны керек, абдырап қалдық.

Оңтүстік өңір — әуелден көптеген ұлт өкілдерінің басы біріккен, қаймағы бұзылмаған аймақ. Айтайын дегенім, әлдебір топтардың арандатуына ермей, тыныштығымызды ойлайық, бауырлар! Қазағымның намыс десе делебесі қозып шығатыны бесенеден белгілі, бірақ ашуды ақылға жеңдіріп, сабырға келейік дегім келеді. Өйткені осы күніміз қымбат, бейбітшіліктен артық ештеңе жоқ. Мәселенің мән-жайын анықтап, жауапқа тартуды құқық қорғау органдарының құзырына тапсырайық.

Қазақ — бауырмал, қонақжай халық. Осыны өз мақсатында пайдаланғысы келетін теріс топтар да кездеседі. Бірақ оларға мынаны еске салғым келеді: біздің бірлігіміз де бекем. Сондықтан ешкімнің сыйластықтан аттамағаны дұрыс.

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button