Жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға мүмкіндік береді

Ғылыми сараптама

Ақтөбеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу мәселелері бойынша семинар өтті.

«Antikor» сервистік орталығында өткізілген семинар-кеңестің ұйымдастырушылары — ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен «Қазақстанда парламентаризмді дамыту қоры» қоғамдық қоры.

Жиынға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өңірлік департаменті қызметкерлері, «Ақтөбе — адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджерлері, облыстық ақпараттық-ағарту штабының мүшелері, арнайы мониторингтік топ мүшелері, БАҚ өкілдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен докторанттары, заңгерлер қатысты.

Семинар барысында Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қорының президенті, республикалық арнайы мониторингтік топ басшысының орынбасары Зəуреш Батталова нормативтік-құқықтық акті жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізудің маңыздылығына кеңінен тоқталып, ашық диалогтық сұхбат құрды.

Тыңдаушыларға сараптама жасаудың негізгі қағидалары мен жүйесіне, техникасы мен мақсатына, сараптама өткізу мерзімдеріне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама қорытындысының құрылымы мен мазмұнына, ақпараттың ашықтығына және қолжетімділігіне қатысты құнды ақпараттар берілді.

Республикалық арнайы мониторингтік топ мүшесі, заң ғылымдарының кандидаты, адвокат Мереке Ғабдуалиев практика жүзінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу процесіне кеңінен тоқталып өтті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл механизм нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу сатысында ықтимал сыбайлас жемқорлыққа жол берілуі мүмкін жағдайларды анықтауға және жоюға мүмкіндік береді.

Шара соңында практикалық жаттығулар ұйымдастырылып, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

 З.ҚОЖАНОВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button